Page 260 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
259
Бағдар­ламасының қабылдануы бұл кезеңнің алғашқы бас-
тамасы болды. Бағдарламада жекешелендірудің бұрынғы
кезеңдерінің іс жүзіндегі нәтижелері және нарықтық
экономиканың негізі болған жеке меншіктің қалыптасуы
жазылды. Мемлекет экономиканың жекелеген стратегиялық
маңызды салаларына қатысуды өзінде қалдырды. Ондай
салаларға ұлттық экономиканың негізін құраушы салалар,
сондай-ақ күнделікті өмірге аса қажетті тауарлар, өнімдер
мен қызмет көрсету өндірісін қамтамасыз етуші салалар жа-
тады. Осыған байланысты мемлекеттік мүлікті басқарудың
тиімділігін арттыру және басқарушылық шешімдердің жүзеге
асырылуын бақылау мәселелері ерекше маңыз алады.
Бүгінде республикада «Самұрық» Ұлттық холдингтік ком-
пания» акционерлік қоғамықұрылды. Біз мемлекеттік холдинг
құрудың бизнес жоспарын жасауға басқа елдерде осыған
ұқсас құрылымдар құруда тәжірибесі бар тәуелсіз шетелдік
консалтинг компанияларын тартуға шешім қабылдадық.
Талдаудың көрсеткеніндей, мұндай тәжірибесі бар жалғыз
компания McKinsey болып шықты; ол консалт-рейтинг
жөнінен әлемде бірінші орын алады екен; өзі мемлекеттік
активтерді басқару жөнінде дамушыжәне дамыған елдердің
үкіметтері үшін 6-дан астам жобаны жүзеге асырыпты;
солардың ішінде Сингапурдағы «Темасек» мемлекеттік
холдингі де бар көрінеді.
Қазақстан жағынан бұл жобаға Экономика және бюд-
жеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Маркетингтік-
сараптамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы
қатысты. Жобамен жұмыс барысында Еуропа, Азия, Солтүстік
Америка, Австралия және Океания елдері мемлекеттік
активтерін басқару жөніндегі агенттіктер мен 13 мемлекеттік
холдингтердің алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибесі
зерттелді.
Холдингті құрудан бұрын ұзақ уақыт жұмыс істелді,
тіпті кейде жұмыстың тоқтап бір жерде тығырықтап тұрып