ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
258
менеджменттің болмауы және қаржы мен сыртқы сауда
операцияларындағы түрлі қиянаттар себеп болды.
Екінші және үшінші кезеңдерде барлығы 94 ірі кәсіпорын
жекешелендірілді, соның ішінде 57-сі шетелдік инвестор-
лардың иелігіне берілді. Бастапқыда ірі кәсіпорындардың
сенімді басқаруға берілуі, сонан кейін олардың жекелеген
жобалар бойынша сатылуы мемлекеттік және жеке меншікті
капиталдарыныңқатысуыменжаңа өнеркәсіп компанияларын
құруға жағдай туғызды. Қазіргі уақытта бұл компаниялар
халықаралық нарықта өз орнын тапты, сондай-ақ мыңдаған
адамдардыңжұмыспен қамтылуына, еліміздің экономикасын
айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.
Қысқасы, қазақстандық кәсіпорындарды шетелдік фир
малардың басқаруына беру ірі кәсіпорындардың көпшілігін
қаржы және өндіріс дағдарыстарынан шығарып, олардың
нарықтық экономиканың қатал жағдайына ойдағыдай
бейімделуіне мүмкіндік туғызды. Кәсіпорындардың қаржы-
экономикалық жағдайын сауықтыру дәл осы кезеңнен бас-
талды.
Т
өртінші
кезең
:
мемлекеттік меншікті
басқару
Төртінші кезең1999жылданбасталдыжәнеолмемлекеттік
меншікке билік ету мен реттеу мәселелеріндегі мемлекеттік
басқару деңгейі арасындағы өкілеттіктерді бөлісуде пайда
болған жаңа қатынастармен сипатталады. Мысалы, 150-ден
астамнормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді және
мемлекеттік басқару деңгейі өкілеттіктерін нақты бөліп беруді
қарастырған заң қабылданды. Мемлекеттік мүлікті басқару
саласындағы заңнамалық база да жетілдірілетін болды.
Жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың
тиімділігін арттырудың 1999–2000 жылдарға арналған