ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
24
меншік иелерінің қалың орташа жігін құрудан көрінеді.
Нақ осы жік қоғамда масылдық пиғылдар, тегін көмек
сұрау және экономикалық қиыншылықтар туған жағдайда
өкіметке шағымдану әдеті сияқты теріс құбылыстарды
жоюға мүмкіндік туғызады».
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, 1992 жыл
Құжаттың өзімен жұмыс істеу айтарлықтай қиын жүрді.
Мен жас экономистердің екі тобы үшін стратегияның мақсаты
мен міндетін тұжырымдап бердім. Ол менің қатысуыммен сан
қайтара талқыланды. Оған мамандардың түрлі топтарының
өкілдері мен шетелдік кеңесшілерімді қатыстырдым. Әрине,
біздің мамандарда консерватизм немесе, дұрысын айтқанда,
«ойдың тоқырауы»жетіп артылатын. Алайда, түптеп келгенде,
қажет еткен құжаттың дәл сол мәтіні дайындалып шықты.
Стратегия Қазақстанныңжоспарлы экономикадан нарық-
қа, тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшетінін белгі-
леді. Жұрттың көбі бізді түсінбеді. Жоғарғы Кеңес пен оның
басшылығы халық мұндай идеяны қабылдауға дайын емес
деген желеумен жекелеген принциптік ұстанымдарды қайта
қарауды талап етті.
Мен осы топқа басшылық жасау міндеті жүктелген, сол
кездегі Вице-президент Ерік Асанбаевқа өте ризашылығымды
білдіремін. Бұл топқажас экономистер–С. Аханов, Ө.Шүкеев,
О. Жандосов, Г. Марченкожәне басқалар кірді. ОларЖоғарғы
Кеңес (кеңестік Парламент осылайша аталатын) депутаттары
алдында құжатты қорғап шықтыжәне өмірдегі болып жатқан
өзгерістердің мәнін әлі түсіне қоймаған немесе жаңалық
атаулыдан қорыққан көптеген сыншылардың консервативтік
ұстанымдарына қарсы тұрды. ЖоғарғыКеңестегі пікірталастар
қызу болды.
Былайша айтқанда, Стратегияның түйінді идеялық мәні
«жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» деген ұғым болды. Бұл