Page 258 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
257
дарын энергиямен қамтамасыз етудегі дағдарысты жағдай
түзетілді. Атап айтқанда, американдық «AES Suntree Power»
компаниясына төрт жылу-энергетика орталығының (Семей,
Өскемен, Согра және Лениногор) сатылуы мен екі ГРЭС-
тің (Шульба, Өскемен) концессияға берілуі төніп келген
аймақтық энергетикалық дағдарыстан құтқарды.
1997 жылдан бастап мұнай саласында жекешелендіру
үрдісі қарқындап өсе түсті. Мұндай нысандарды бағалау
үрдісі айтарлықтай күрделі болып, әртүрлі ведомстволар
мамандарының күш салуын талап еткендіктен, Қазақстан
Республикасы Үкіметіне салааралық комиссия құру тапсы-
рылды. Нақ соның өзі мұнай-газ саласындағы нысандарды
сату тәртібі мен шартын айқындап, сондай-ақ әлеуетті сатып
алушылар үшін неғұрлым қолайлы инвестициялық жағдай
орнатуы керек болды. 1997 жылы тендер жеңімпаздары
– индонезиялық «Централ Азия Петролеум» компанияла-
рымен және Қытай ұлттық мұнай-газ компанияларымен
арада – «Маңғыстаумұнайгаз» және «Ақтөбемұнайгаз» ашық
акционерлік қоғамдарының мұнай-газ салаларындағы ірі
нысандарды сату жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды.
Үшінші кезең жекелеген жобалар бойынша ірі және өте
сирек объектілерді жекешелендіру үрдісіне де жаңалықтар
енгізді. «Кәсіпорындардышетелдікфирмалардыңбасқаруына
беруден» енді олардышетел инвесторларына тендерлік жол-
мен сатудың аса маңызды түріне көшуі болды. Сол кезеңде
қазақстандықтардың қаржы жоқтығынан ірі кәсіпорындар
үшін күресте шетел капиталымен бәсекелестікке түсуіне
ешқандай мүмкіндігі болмағаны айқын еді.
Сонымен бірге Қазақстан сол кезеңде өнеркәсіп
орындары акцияларын сату-сатып алу келісімшарттарын
бұзудың зиянды зардаптарынан да құтыла алмады. Оған
негізінен инвестициялық міндеттемелердің орындал-
мауы, кәсіпорындар жұмысының күрт нашарлауы, білікті