Page 257 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
256
ды. Алайда сол бір өтпелі кезеңнің барлық жағдайын ескере
келіп, жекешелендірудің айтарлықтай тиімді болғанынжоққа
шығаруға болмас еді. Ақыр соңы, көршілес мемлекеттердегі
жекешелендіру үрдісінің нәтижелерімен салыстырғанда,
атқарылған істің терісінен гөрі оңы басым болды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңінде мүлікті өткізудің
негізгі екі түрі – шығарып сату (аукцион, тендер) мен тікелей
жөнелтіп сату болды. Екіншісі тек бұрындары жалға немесе
сенімді басқаруға берілген нысандарға арналды.
Келісімшарт бойынша сенімді басқаруға берілген 66
кәсіпорыннан кейінде 26 кәсіпорын (соның ішінде түсті
және қара металлургиялық ірі кәсіпорындар) компания
басқарушыларына сатылды.
Әуелгіде белгіленгенжоғары көтеріңкі өтінімдер әрдайым
күткеннәтижегежеткізе бергенжоқ.Мысалы, ұзаққа созылған
келіссөздер барысында «Казахтелеком» компаниясының
акциялар пакетінің 100%-дық, бағасы 2-3 млрд АҚШ дол-
ларынан 60 млн АҚШ долларына дейінгі ауқымда өзгеріп
тұрды. «Daewoo» компаниясының 100 млн АҚШ долла-
рына сатылатын акцияларының 40%-ы ғана сатылғаны
соның қорытындысы болды. Алайда инвестициялық
міндеттемелердің орындалмауы кейінде сатып алушыны
пакетті енді отандық инвесторға сату қажеттігіне мәжбүр етті.
Бірақ мұның бәрінде де қуанышты сәттер болды. Мұндай
қайта сатушылық жекешелендірудің үшінші кезеңінде ірі
объектілерді жекешелендіруге отандық капиталды тартудың
нақты мүмкіндіктері пайда болғанын көрсетті.
Үшінші кезеңнің барысында іс жүзінде жұмыс істеп тұрған
электр энергиясының стансалары түгел жекешелендірілді.
Бұл сату және инвестициялық міндеттемелер түріндегі
айтарлықтай қаржының бюджетке түсуін қамтамасыз етті.
Дәл осы жекешелендірудің шеңберінде 1997 жылы Шығыс
Қазақстан облысының елді мекендері мен өнеркәсіп орын-