м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
255
денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет салаларының
нысандарымемлекет иелігінен алынды. Жекешелендірудің
сатылған және сатып алынған нысандарынан түскен қаржы
сомасы 54,5 млрд теңге болды.
1998 жылдың ішінде 513 акционерлік қоғам акция-
ларыныңмемлекеттік пакеттері менжауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердегі мемлекеттік үлестер, 2716 әлеуметтік сала
нысаныжекелеген мүліктік бірліктер мен кәсіпорындардың
мүліктік кешендері жекешелендірілді».
Дереккөз: Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Бұрынғылар секілді, бұл кезең де өзінің жүзеге асырылу
жылдамдығымен ерекшеленді. Жекешелендіру алдындағы
дайындық пен нақты сату үрдістері қысқа мерзімде жүргізілуі
тиіс болып көрсетілді. Тендерге дайындалу мен жүргізуге бір
ай, ал аукционға одан да аз уақыт – 15 күн берілді. Мұндай
өте жылдам жекешелендірудің басты себебі – астыртын
жекешелендіру жолымен кәсіпорындардың негізгі қорлары
мен қаржысын «сарқып алу» үрдісінің тым тез жүруі болды.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыла-
ры жекешелендіруді әдейі тежеп, «кәсіпорынның қанын
сорып», орасан зор несиелік қарызды одан сайын өсіре
отырып, өзі мен жақын туысқандарының заңсыз жолмен
баюына жағдай жасады. Егер осы үрдіс ұзаққа созылған
болса, онда кәсіпорындарды мұндай «коммерциялау»
олардың әрі қарайғы қалыпты қызметінен бар үмітті айы-
рып, жекешелендіру үшін іске жарамды ешқандай мүлік
қалдырмаған болар еді.
Әрине, жеделдете жекешелендіру ірі шығындарға да
ұшыратты.Мысалы, кәсіпорынәрдайымөзінелайықтыменшік
иесінің қолына тие бермеді. Тіпті өз иелігіндегі кәсіпорынды
тақыр таза тонап, белгісіз бір жаққа тайып тұрғандар да бол-