Page 255 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
254
1996 жылдың ақпанында Үкімет қаулысымен «1996–1998
жылдарға арналған жекешелендірудің екінші кезеңінің
бағдарламасы» іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты
жекешелендірудің негізгі үрдістерін тезірек аяқтап, енді
ақшалай яғни ақылы негізде жекешелендірудің көмегімен,
меншік иелерінің тобын қалыптастыру болды. Бұл кезеңде
жекешелендіру үрдісінің басымбелгілері жекешелендірілетін
нысандарды жаңа меншік иелеріне ақылы етіп беру болып
саналды.
Үш жылдың ішінде жекелеген жобалар бойынша
жекешелендірумен жалғасып, шағын жекешелендіру шең-
берінде бұрын сатылмаған, ішінара жекешелендірілген
сауда және әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық қызмет көрсету
нысандарының, кәсіпорындардың мемлекеттік пакеттері
өткерілді.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі бағдарламасының та-
рауларыҚазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды
салалардағы, сондай-ақ денсаулық сақтау, білімберу, ғылым
мен мәдениет салаларындағы жекешелендірудің секторлық
бағдарламасы болды.
«1996 жылдың ішінде Үкіметтің араласуымен 889
акцио­нерлікқоғамменжауапкершілігішектеулі серіктестіктің
мемлекеттік акциялар пакеті мен мемлекеттік үлесі, сондай-
ақ 3526 әлеуметтік сала нысандары, жылжымайтын
мүліктері сатылды, жекелеген жобалар бойынша 27 нысан
жекешелендірілді. Осыжылыбюджетке барлығы31,2млрд
теңге келіп түсті.
1997 жыл жекешелендіруді, әсіресе энергетика және
өндіру салаларында жеделдете жүргізу жылы болды.
Бірқатарсалалардабұлүрдісаяқталды. 1997жылыбарлығы
5641 қозғалмайтын мүлік объектілері, 608 кәсіпорын
акцияларының мемлекеттік пакеті жекешелендіріліп,