Page 254 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
253
жалпы ішкі өнім көлемі 992,5 млрд теңгені құрады, ал
өнеркәсіп өндірісі 13,6% өсті, соның ішінде ол қара метал-
лургияда 17,4%, түсті металлургияда 1,9% ұлғайды. Бұл
кәсіпорындарда еңбекақы 16-18 мың теңге болып, респу-
блика бойынша орташа деңгейден 3 есе артты.
Тағы да қайталаймын, мемлекеттік кәсіпорындарды
шетел капиталына сату жиі-жиі – «мемлекетті, ұлттық
байлықты, отанды сату» деген жалған ұғымдармен байла-
ныстырылып отырды. Әділдік үшін айтуымыз керек, көптеген
шетелдік инвесторлар мемлекеттік кәсіпорындарды сатып
алу және олардың әрі қарайғы тиімді жұмысын қамтамасыз
ету мүмкіндіктерін жақсы меңгерді. Атап көрсеткенімдей,
отандық бизнесмендердің көпшілігінде мұндай мүмкіндіктер
болмады. Оның үстіне, отандық әлеуетті меншік иелері
әлі қалыптаспаған еді және олар кәсіпорындардың тиімді
жұмысын қамтамасыз ете алмады. Олар өнімөткеру нарығын,
нарықтық экономикадағы басқа да көптеген жайларды
білмеді. Біз оны әлі алдағы уақытта үйренуіміз керек еді.
Ү
шінші
кезең
:
ақшалай жекешелендіру
,
1996–1998
жылдар
1996–1998 жылдары жүргізілген жекешелендірудің
үшінші кезеңі экономиканың стратегиялық салаларындағы
электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларын, сондай-ақ
әлеуметтік саланы – денсаулық сақтау, білім беру, ғылым
мен мәдениет салаларын – қоса алғандағы секторлық
бағдарламаларға көшудің кезеңі болды. Дәл осы кезеңде
ірі өнеркәсіп орындарын сатып алуға қабілетті отандық
толыққанды инвесторлар қалыптаса бастады.
1995 жылғы желтоқсанның аяғында заңдық күші
бар «Жекешелендіру туралы» Жарлыққа қол қойдым, ал