Page 253 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
252
«ПласерДоумИнк.» компаниясы сындыжаңа инвестор пайда
болды. Дегенмен жеңімпаз фирма уәде еткен соманың тек
35млнАҚШдолларын ғана төледі, ал кейінде инвестициялық
міндеттемелерді орындамағандықтан келісімшарт бұзылды.
Бірақ біз Еуропалық банк сияқты инвестициялық кеңесшінің
және аталмышкелісімшарттыжасаудан сақтандырған әлеуетті
ірі инвесторлардың сенімінен айрылып қалдық.
Жекешелендірудің екінші кезеңі барысында біздің
де шетелдік әріптестерге қатынасымыз түбегейлі өзгерді.
Қазақстандағы инвестициялық климаттың жағымсыз си-
паттары болғанына қарамастан (жоғары бикоммерциялық
тәуекелшілдік және т.б.), шетелдік капитал мен жергілікті
капитал арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етілді. Бірақ та
бұл жеткіліксіз болатын. Біз өте қысқа мерзімде «Қазақстанда
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң
қабылдадық, онда шетелдік инвесторлар үшін жеңілдіктер
мен артықшылықтар жүйесі айтарлықтай кеңейтілді.
Осы заң қабылданғаннан кейін шетел капиталы біздің
экономикамыздың өсуінде шешуші рөл атқарды. Соның
арқасында кәсіпорындардың еңбекақы, бюджет, зейнетақы
қоры бойынша, сондай-ақ энергетиктерге, көлік және басқа
да аралас мекемелер қызметкерлеріне берешек қарыздары
жойылды. Түптеп келгенде, ереуілдердің беті қайтарылып, кез
келген ел үшін ең қиын ресурс –жұмыс орны сақталып қалды.
Шетелдік әріптестер кәсіпорындарды басқаруға жаңа эле-
менттер енгізді. Бәсекеге қабілетсіз социалистік экономиканың
қазақстандық басқарушылары тегін тәжірибеден өтті. Жеке-
шелендіру әлеуметтік және коммуналдық салалардың
инфрақұрылымының басым бөлігін сақтап қалуға жағдай
туғызды.
1991 жылдан бастап жүргізілген ауыр жұмыстар мен
шетелдік инвесторларды белсенді түрде тартудың барлығы
алғашқы жемістерін бере бастады. Мысалы, 1995 жылы