м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
251
«Самсунг» компаниясы «Балхашмыс» акционерлік қоғамы
кәсіпорындарының мүліктік кешенін сатып алғаннан кейін
барып, бұл жағдай түзелді. Қазіргі уақытта түсті металлургия
кәсіпорындарыблогын біріктірген «Казахмыс» корпорациясы
республикамыздағы ең пайдалы ірі өндіріс орындарының бірі
болып саналады.
Жаңа корпоративтік құрылымдарды қалыптастыру үрді-
сі де кейде бірнеше кезеңдермен өтті. Мысалы, Өскемен
қорғасын-цинк, Лениногор полиметалл және Зырян кен-
байыту комбинаттары акцияларының айтарлықтай бөлігі
жекешелендірудің алғашқы кезеңінде-ақ еңбек ұжымдарына
берілген. Дегенмен, кәсіпорындарда қалыпты өндірістік
үрдісті қалыптастыру проблемаларышешілмей қалды. Оның
негізгі себебі, сол кездегі басқару қызметкерлері құрамының
күшімен осындай жоғары деңгейдегі өндірісті инвестициялау
үшін нақты қаржы көздерін тарту мүмкіндігінің жоқтығында
еді. Швейцариялық «Глинкор» фирмасы атты стратегиялық
инвесторды тартқаннан кейін ғана барып, бұл проблема-
лар шешіле бастады. Тек Өскемен қорғасын-цинк, Лени-
ногор полиметалл, Зырян кен-байыту комбинаттарының
мүліктік кешендерін біріктірудің негізінде жүргізілген қайта
құрылымдау нәтижесінде рентабельді өндіріс – «Казцинк»
компаниясы құрылды.
Жекешелендіру инвестициялық авантюризмге қарсы
белгілі бір иммунитет енгізіп, бізді көп нәрсеге үйретті. Сон-
дай тәжірибенің бірі Васильков кен-байыту комбинатын
жекешелендіру болды. Алтын өндіретін бұл кәсіпорынды сату
жөніндегі тендер Еуропалық қайта құру және даму банкімен
бірге дайындалды. Нәтижесінде оған қатысуға әлемдік
деңгейде аталмыш салада танылған 10 ірі компанияның
бесеуі ниет білдірді. Алайда соңғы сәтте кәсіпорын үшін 95
млн АҚШ доллары мөлшерінде адам сенбес жоғары баға
ұсынған және осының негізінде жарыста жеңіске жеткен