ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
250
Ал өткен жылдар ішінде өндірістің жалпы дамуына
900 млн АҚШ долларынан астам инвестициялық қаржы
жұмсалды, бұл өз орайында жаңа өндірістік қуаттарды
жасауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа инвестициялық үрдіс
қазір де жалғасуда, ол тек аталмыш кәсіпорындармен ғана
шектеліп қалмайды. Мысалы, жаңа астананың дамуына Еу-
разия тобы инвестициялық 48 млн АҚШ долларын салды.
Дер кезінде қаржыландырудың тағы бір сәтті мысалы –
«Жезказганцветмет». 1995 жылы бұл кәсіпорын банкротқа
ұшыраудың аз-ақ алдында болды, оның жалпы қарызының
көлемі 170 млн АҚШ долларын, ал соның ішінде еңбекақы
бойынша қарызы10млнАҚШдолларынқұрады. Келесі жылы
компания акциясын сатып алу тендерінде оған «Самсунг»
корпорациясы иелік етті. Ол қарыздардың бәрімен есеп айы-
рысып, ірі инвестиция салды. Бұлжылдарыөндіріс көлемі төрт
жүз мың тоннаға дейін өсті, мұның өзі комбинат тарихында
бұрын-соңды болып көрмеген табыс еді.
Біз өте сақтықпен келген, жекелеген жобалар бойынша
жекешелендіру бастапқыда бірнеше кезеңдермен жүзеге
асырылды. Әуелі кәсіпорын басқаруға берілді. Нақ сол
кезеңде мемлекет іске тартылған инвестордың қабылдаған
инвестициялық міндеттемелерін орындауға және білікті
менеджментті қамтамасыз етуге қабілеттілігін тексеріп, оның
сенімділігіне көз жеткізуі керек болды. Әрі қарай мұндай ин-
вестор акциялардың белгілі бір пакетін сатып алады. Бірқатар
металлургиялық комбинаттар сенімді басқаруға осылайша
берілді.
Алайда жекешелендіру барысында әуел бастан-ақ
сенімді инвесторды тартуға әрдайым қол жете берген жоқ.
Мысалы, 1995 жылы «Балхашмыс» акционерлік қоғамы
«КАМ Финанс СА» компаниясына сатылды; бірақ, кейінде
кәсіпорынға қатыстыинвестициялықміндеттемелердің орын-
далмауынан келісімшартты бұзуға тура келді. Тек 1997жылы