Page 250 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
249
аймақта жақсыжұмысымен танымал болған инвесторға сату
үшін объектілер тізіміне енгізу туралы өтініш білдіре бастады.
Үкімет бұл проблемалардыңшешіміне аса мұқият көңіл бөлді.
Оған мысал ретінде бірнеше фактілер келтірейін.
Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Восток» кен
қабаттарын жекешелендіру өзінше бір «технологиялық»
тізбектердің сатылуы болды. 1996 жылдың күзінде, яғни
келе жатқан қыстың қарсаңында, бұл аймақта жылу мен
электр энергиясымен түрде қамтамасыз етуге арналған
көмірді жеткізіп беру жүйесі толықтай істен шыққан еді. Бұл
жағдайда кен қабаттарының мүліктік кешендерін Еуразиялық
өнеркәсіпшілер тобы жекешелендірді. Оған дейін бұл топ
өнеркәсіп орындарының тұтас бір қатарында өндірісті іске
қосуда тұрақты оң нәтижелерге жеткен болатын. Мұндай
әлеуметтік маңызы зор әрі күрделі объектілерді сатудың ал-
дында Үкімет өкілдерінің жергілікті жерге барып істің жайын
көруі тәжірибеге енгізілген-ді. Олар адамдарға күнделікті
жағдай мен қалыптасқан қиындықтардан шығу үшін мем-
лекет қолға алған шараларды айтып түсіндіретін. Мысалы,
«Восточный» кен қабатын жекешелендіру кезінде мемлекет
органдарының өкілетті өкілдері мен инвесторлар еңбек
ұжымын жинап, өздерінің инвестициялық және өндірістік
бағдарламаларын таныстырды. Сол жерде жалақыны төлеу
қамтамасыз етілді. Осылайша біз сөзді іспен бекіте отырып,
халықты сендірдік.
Қысқасы, Еуразия өнеркәсіп тобы онжылдық кезеңде тау-
кен өндірісі мен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында
дағдарысты ойдағыдай жеңіп шықты, олардың жұмысы
тұрақтандырылып, әлемдік нарықтағы беделі қалпына
келтірілді. Жекешелендіруден кейін жүргізілген шаралардың
тиімділігі туралы айтар болсақ, тек кәсіпорындарды оңалту
мен қаржылай жағынан сауықтыруға 290 млн АҚШдоллары
салынды.