Page 249 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
248
сегіз жылдағы инвестицияның жалпы сомасы 1 млрд АҚШ
долларышамасында болды. Қысқамерзімде домна пештерін,
кокстеу батареяларынжөндеужүзеге асырылып, асамаңызды
технологиялық желілер қайта қалпына келтірілді. Сонымен
бірге ыстықпен цинктеу және алюминдеу цехы, болатты
үздіксіз құю машинасы іске қосылып, сортты прокат цехы
салынуда.
Ерекше, баламасыз шаруашылық жағдайлардың қалып-
тасуына қарай металлургия алыптарын жекешелендіру
өз орайымен ілеспе мүліктік кешендерді сату жөніндегі
әрекеттерді туғызды. Мысалы, Қарағанды металлургиялық
комбинатының активтерін сату осылайша атқарылды. Кәсіп-
орынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін өндірісті
электр энергиясымен, жылумен, шикізатпен дер кезінде
қамтамасыз ету проблемаларын шешу қажет болды. Осыған
байланысты 1996жыл бойына инвесторға Қарағанды ТЭЦ-2
кәсіпорнын, сондай-ақ көмір шахталарының негізгі бөлігін
сатып алуға және қалыпты өндірістік циклды қалыптастыру
мақсатында оларды инвестициялау проблемасын шешуге
тура келді.
Келесі жылы «ИспатКармет» акционерлік қоғамына
«Карагандашахтуголь» акционерлік қоғамының қосалқы
кәсіпорындарыкеліп қосылды. Бұл ТМДелдеріншахтерлердің
ереуілдер толқыны шарпыған уақыт болатын, жоғарыда мен
оның бізге де жеткенін айтқанмын.
Осындай ірі өнеркәсіп аймағында өткір әлеуметтік жә­
не экономикалық проблемаларды шешуді кешіктіру бүкіл
еліміз үшін болжап болмайтын аса ауыр зардаптарға душар
қылатын еді. Біз осыдан құтылуға қолжеткіздік. Бұған көбінесе
«Карметкомбинаттың» тұрақты жұмыс істей бастауы ықпал
етті.
Көптеген жекешелендірілмеген қосалқы және ара-
лас кәсіпорындардың басшылары шетел менеджментінің
нәтижелерін көргеннен кейін Үкіметке өз кәсіпорындарын