Page 24 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
23
көңіл аудармай, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі ре-
формаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде негізгі
міндеттерді шешуді көздеген жаңа министрліктер құрылды.
Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет
қарулы күштер, дипломатиялық және кедендік қызметтер
секілді мемлекеттік институттар құрылды. Мемлекеттік ше-
караны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды.
Мұның бәрі ірі қаржы ресурстары мен батыл әрекеттерді
талап етті.
Осы құжат арқылы біз шаруашылық практикасындағы
орнығып қалған консерватизмді, жекелеген басшылар
мен тұтастай алғанда тұрғындардың ойлау жүйесіндегі
енжарлықты жеңе отырып, меншікке көзқарасты өзгерту
жөнінде, бәлкім, тұңғыш рет ең күрделі қадамдар жасадық.
Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті.
Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық
экономиканы құру. Екіншіден, адамның экономикалық
тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін
құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Мемлекет бола­
шақта мемлекеттік меншік үлесінің 30-40 пайызға дейін
қысқаратыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Алға қойған
экономикалықмақсаттарғажету үшін тиісті бюджеттік, салық­
тық, қаржы-несиелік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру
кезінде экономиканы реттеудің жанама тәсілдерін қолдану
ойластырылды.
«Республикада тоталитарлықтан кейінгі кезеңге сай
саяси және экономикалық билікті шектеу, мемлекеттің
меншікке абсолютті монополиясын жою процесі жүретін
болды. Соңғысы меншіктің жеткілікті түрде ықпалды
және қомақты мемлекеттік емес түрін неғұрлым белсенді
жекешелендіру мен жұмыс істеуінен, экономиканың және
тұтастай алғанда қоғамның дамуына тұрақтылық беретін