м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
247
комбинаттан кетуіне тура келді. Арада бір ай өтпей жатып,
біз әкелген әлгі ішкі істер әскерлері енді комбинат мүлкін
жас бизнесмендер тарапынан болған талан-таражға қарсы
күреске жұмылдырылды.
Өздеріңіз көріп отырсыздар, біздің жастар осындай ірі
істі қолдарына алғысы келгенде, біз оларға ықылас білдірдік.
Бірақ оған жастар әлі дайын болмады. Не тәжірибе, не
қаржы жетіспеді. Олар жекешелендіруге қатысты, бірақ әрі
қарай меншікті басқарып кете алмады. Алайда мен оларға
көмектестім, олар үйренуі керек еді. Металлургиялық кәсіп-
орындарды «Казкоммерцбанк» басқаруға ұмтылды, ШНОС
та сатып алды, бірақ кейін оның бәрі қайта сатылып кетті.
Осындай жағымсыз жайға тағы бір айқын мысал – біздің
азаматтық авиация. Біздің жігіттер «Эйр-Казахстанды» өз
басқаруына алып, бересі қарыздары үшін шетелдік әуе-
жайларда біздің ұшақтарымызды қамауға түсірген жағдайға
дейін жеткізді. Шетелдік компаниялар ұшу сапары тым
қауіпті болғандықтан, өз азаматтарының «Эйр-Казахстан»
ұшақтарымен ұшуына тыйым салды. Егерде ағылшындармен
бірлесіп «Эйр-Астана» компаниясын құру жөніндегі менің
шешімім болмаса, қазір біз мүлде авиациясыз қалған бо-
лар едік. Біздің менеджерлер әлі де іс-тәжірибе жинақтап,
басқаруды үйренер деп ойлаймын.
Бұлжағдайда тек әлемдікметалл нарығында берік орнық-
қан компаниялар тарапынан салынған ірі инвестициялар ғана
кәсіпорынды құтқара алатын еді. Сондықтан металлургиялық
комбинат сатылды. «Карметкомбинаттың»жаңаменшік иесі –
үнділік Mittal Steel компаниясы шикізат, электр энергиясы,
көлікпен қамтамасыз етушілер алдындағы және еңбекақы
жөніндегі қарыздарды жапты, сондай-ақ кері талаптар
бойынша да төлемдерді жүргізді. Қысқасы, кәсіпорын
қарыздары бойынша инвестор-компания 350 млн АҚШ
долларын төледі. Ал жекешелендіру басталғаннан кейінгі