Page 247 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
246
рып, сол кезде көптеген адамдаршетелдік инвестициялардың
ешқандай да қажеттігі жоқ, жекешелендіру елдің айрықша
ішкі үрдісі дегенді айта бастады. Бұл сөздердің барлығына
менің айтар жауабым: біз шынында да жекешелендіруді дер-
бес жүргізуге тырысқан едік. Бірақ тіпті жаман болды.
Төрелігін өздеріңіз айтыңыздар.
Сол уақытта қазақстандық индустрияның алыбы«Кармет-
комбинат» өте қиын жағдайда болды. Комбинаттың электр
энергиясы мен көлік үшін төленбеген орасан зор қарызы
болды, жағдай банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрды.
Тіпті, ыстық цехтағы металлургиялық агрегаттарды түгелге
жақын өшіруге дейін бардық. Комбинатты дағдарыстан
шығаруға қабілетті инвесторды жан-жақтан іздеп жаттық.
Бізге жас қазақстандық бизнесмендер өз қызметін ұсынды.
Олар австриялық «Фест Альпина» компаниясымен бірігіп,
кәсіпорынның қаржы проблемаларын шешуге және осы
заманғы менеджментті енгізуге міндеттенді.
Біз оларға көмектесуге қуанышты болдық. Комбинатта
талан-тараж жаппай етек алғандықтан, инвесторлардың
өтініші бойынша мен оларға көмектесу үшін Қазақстан Ре-
спубликасы Үкіметіне тапсырма бердім. Кәсіпорын аумағына
республикамыздың солтүстік облыстарынан нысанды қорғау
ісін қамтамасыз ететін ішкі әскер бөлімдері жеткізілді.
Алайда ірі өндірістік кәсіпорынның жұмысын ұйымдас-
тырып, металлургияда салмақты шетелдік әріптестермен
жұмыс істеу үшін біздің жас бизнесмендердің саудада
жинақтаған менеджменттік тәжірибесі жеткіліксіз болды.
Кәсіпорынға кокс жеткізіп беру мен металл сынықтарын
сату жөніндегі келісімшарттарын жасау кезінде жіберілген
қателіктердің салдарынан 1995 жылдың басында небәрі үш
күнге жететіндей кокс қоры ғана қалды, ал айналым қаржысы
толықтайымен жоқ болды. Жалақыға бересі қарыз алты
айдан асып кетті. Ақырында біздің жас бизнесмендердің