Page 246 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
245
–еңбекақыбойынша, бюджетпенжеткізіпберушілердің
алдындағы қарыздарды төлеу жөніндегі міндеттеме алу.
«Қазақстан Республикасында мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993–1995
жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы»
Бастапқыда шетел инвесторларына тек жекелеген ірі
кәсіпорындарды ғана сату жоспарланған. 1993 жылы тізімге
38 объекті тіркелді.
Мұның өзі көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалу
және шын мәнісінде банкротқа ұшырау қаупіне тап болған
кезінде, республика кәсіпорындарын осы күрделі жағдайдан
шығарудың қажеттігінен туындаған еді.
Сол кезеңде (1993–1994 жылдары) жекелеген жоба-
лар бойынша бірінші болып Алматы темекі комбинаты мен
Шымкент кондитер фабрикасы сатылды. Алматы темекі
фабрикасы үшін американдық «Philip Morris» компаниясы
100 млн астам доллар төледі, сондай-ақ инвестор өндіріске
240 млн АҚШ долларын салуға міндеттенді, бірден өзінің
әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыра бастады: еңбек
ұжымының жалақысын көбейтті, жаңа қызметшілер үшін
жаңа тұрғын үйлер сатып алуға кірісті, басқа да бірқатар
жеңілдіктерді енгізді. Ал шетелдік компания келгенге дейін
фабрика қиын жағдайда болды, шикізаттарды, материал-
дар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға қаржы жетпеді.
Адамдарға еңбекақы төленбеді. Бұл алғашқы табыс және
инвестордан бюджетке келіп түскен ірі көлемдегі алғашқы
сома болды.Мен осыжұмысы үшінПремьер-министр С. Тере-
щенко менМемлекеттік жекешелендіру комитетінің төрағасы
Ж. Кәрібжановты мақтадым. Мұның өзі алға қарай басуға
берілген белгі еді.
Шетелдіктердің қандай да болсын қатынасуы отанға
қарсы қылмыс болып саналған кеңестік «қосүрейліктен» ба-