ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
244
енгізілуі болды, бірінші кезекте, қоғамдық сананың рефор-
масы болды.
Біртіндеп ақшаға сату үрдісінің динамикасы теңестірілді.
Сонымен қатар қалыпты нарықтық бағаға жетуге тек 1997
жылығанақолжетті. 1996–1997жылдарыжекешелендіруден
түскен түсімдердің өзі бюджеттің кіріс бөлігінің 20-30%-ына
жуығын құрады. Бүгінгі сәтке дейін сол бір жылдары жекеле-
ген жобалар бойынша жекешелендірілген кәсіпорындардың
барлығы бюджетке салық түсімдерінің тұрақты түрде түсуін
қамтамасыз ететін ең ірі салық төлеушілеріміз болып табы-
лады.
Екінші кезеңнің аяғында ерекше экономикалық және
әлеуметтікмаңызыбар ірі кәсіпорындардыжекелегенжобалар
бойынша жекешелендіру басталды. Мысалы, реформаларға
жаңа, сапалық жағынан басқаша құрамдағы шетелдік
капиталдың әлеуеті енгізілді. Сол кезеңде Қазақстанға
жекешелендіруді одан әрі жүргізу үшін шетелдік қолма-
қол капиталдың және шетел капиталымен жұмыс істейтін
кәсіпорындар құрудың қажеттігі түсінікті болды.
1994 жылдан бастап жекешелендірудің инвестиция-
лық қорларына шетел капиталын салуға рұқсат берілді,
ал 1995 жылдың көктемінен бастап жекешелендірілген
кәсіпорындар акцияларының 31%-ына дейін алуға және
валютамен есеп айырысуына болатын кез келген объек-
тілерді сатужөніндегі аукциондарғашетелдіктержіберілетін
болды.
Шетел инвесторлары алдына төмендегідей міндетті
шарттар қойылды:
– негізгі өндірісті инвестициялауының мерзімі, көлемі
және бағыты;
– шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері бойынша
өндіріс көлемінің өсуі;