м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
243
Басқа да көптеген реформалар секілді, жекешелендіру
қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті арттырудың
кезекті сынағына айналды. Бұл тұрғыда, сірә, ең күрделісі
сөзсіз жекешелендіру туралы саясишешімді қабылдау болған
шығар. Жеке меншікке көшу үрдісін кері қайтпайтын ету керек
болды. Сол кезеңдегі істің қисыны осыны талап етті. Тек осын-
дайжекешелендіру ғана халықаралық ұйымдарменшетелдік
инвесторлар үшін біздің нарықтық бағытымызға кепіл бола-
тын еді. Мұндай белестен өту туралы шешім қабылдаудың
жауапкершілігі, сөзсіз, мемлекет Басшысына жүктелетін бол-
ды. Бұл сол кезде де түсінікті еді, қазір де түсінікті.
Маған барлық жауапкершілікті өз қолыма алуға тура
келді. Бізді меншік тек мемлекеттікі ғана (немесе, жалпы-
халықтық деп аталатын) болуы керек деп үйретті, ал іс
жүзінде ол ешкімдікі де емес еді. Енді, күтпеген жерден –
жеке меншік, «буржуйлар» пайда болды. Бұл жұрттың бар-
лығына қорқынышты еді. Қазір еске алсам, министрліктер
басшыларына ірі, тіпті кейде бірегей нысандарды сату
туралы келісімшарттарға қол қоюдың өзі қорқынышты бо-
лып тұратын-ды. Осыны түсінгендіктен менің қолдауымды
және өте түбегейлі өзгерістерді жүргізу кезінде қорғауымды
олар үнемі сезінетін болуы үшін барлық жағдай жасалды.
Нәтижесінде меншікті реформалау мәселелерінде бұрынғы
Одақ елдерінің көпшілігіне тән болған жартыкештік пен
сөзбұйдалықтан біз ада болдық. Ал меншіктік қатынастар –
бұл экономиканың негізі екенін, демек, қоғамның қаржылай
және әлеуметтік тұрақтылығының ең бірінші себебі екенін
саясаткерлер әрдайым есте ұстаулары керек.
Алматы темекі комбинаты, Южнефтегаз, ШНОС секілді
алғашқы ірі объектілердің ақшаға сатылуы бүкіл посткеңестік
кеңістіктегі революциялық қадамдар болды. Бұл бюджеттік
түсімдер құрылымынжай ғана реформалау емес еді. Ең алды-
мен, қазақстандықтардың күнделікті өміріне жеке меншіктің