Page 243 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
242
қалыптасуына әкелмеді. Бұл мәселелер көптеген себептерден
іске аспады, соның ішінде жоғарыда мен айтқан себептер
де бар еді. Осы арада купондық жекешелендіру идеясының
өзі халықтың үмітін ақтамағанын ағынан жарыла айтуымыз
керек.
Жаппай купондық жекешелендіруге әзірлік пен оны
жүргізу кезеңінде елдің басым бөлігінде бұл үрдіс өте баяу
емес пе деген ой болған жоқ. Керісінше, көптеген адамдар
ақылмен әрекет етіп, асықпай қимылдауғашақырды; сондай-
ақ «жаппайжекешелендіруді тоқтату, артқа қарайлау, дайын-
далу» талаптарыда болды. Әйтсе де экономикағажан бітірген
жаппай жекешелендіру дұрыс шешім болғанын уақыттың өзі
көрсетті.
Осыменқатар кәсіпорындардыакцияландыружұмыстары
да жүргізілді. Акцияландыру үрдісі мен мемлекеттік акция
пакеттерінің пайда болуы кәсіпорындарды корпоративтік
басқару идеясының тууы мен дамуына ықпал етуі тиіс еді.
Міне, осыдан барып нарықты енгізудің белсенді жақтастарын
қалыптастыру жөнінде жұмыстар жалғастырылды. Бұл
мақсаттарға орай құрамында орташа кәсіпорындар мен әр
түрлі қаржылық құрылымдары бар қаржы-өнеркәсіп топтары
мен холдингтер өмірге келді. Олардың нарықты коммерция-
лау және корпорациялау, нарық жағдайындағы жұмыстың
әлемдік тәжірибесін пайдалану жөніндегі әрекеттері барынша
ынталандырылып отырды.
Жағдай қаржылық және ішінара заттай нысандардың
қайта құрылымын іс жүзінде мүлде елемеуге мәжбүр етті.
Бұл жұмысты ұтымды аяқтауды енді жаңа меншік иелеріне
қалдыруға тура келді. Алайда проблеманың аса өткірлігі,
әсіресе борышқорлық проблемасы, жекешелендірудің осы
кезеңінде оның нысандарының бағасын күрт түсіріп, ықтимал
тиімді инвесторларды кері итерді. Жаппай жекешелендірудің
басқа бір маңызды экономикалық және әлеуметтік нәтижесі
мемлекет иелігіндегі нысандарды ақшалай сатуға көшу болды.