Page 242 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
241
Адамдар бірте-бірте жеке меншік сектордан қорықпайтын
болды. Дүкендер мен дүңгіршектерді сату бұл секторларда
кәсіпкерліктің дамуын ынталандырды. Жаңадан құрылған
фирмалардың жоғары деңгейдегі техникалық жарақтануы
мен менеджмент жағынан жекешелендірілген нысандар-
дан айтарлықтай айырмашылығы болды. Осындай жолмен
жанар-жағармай стансаларының тұтастай торабы бой көтерді.
Бұл кезеңде Қазақстанның барлық азаматтарына халық
жинақ банкінде жекешелендіру-инвестициялық купондар-
дың дербес есепшоттары тегін ашылды. Қазақстанның әрбір
азаматы өз купондарын тек инвестициялық-жекешелендіру
қорларыныңакцияларына салып, содан соң, арнайыаукцион-
дарда мемлекеттік кәсіпорындардың акциялары купондарын
сатып ала алатын болды.
Купондық жекешелендіру – бұл қазақстандық эконо-
миканы мемлекет иелігінен алу кезеңінде адамдардың саны
жағынан халық ең көп қатынасқан шара болды. Мәселен,
өтпелі кезеңдегі экономикасы бар басқа елдерде (Польша,
Чехославакия) іс жүзінде осыған ұқсас жайларды бастан
кешті. Осы үрдістің барысында орташа кәсіпорындардың
негізгі бөлігін жекешелендіру және еліміздің барлық азамат-
тарын жеке меншікке тарту (купондар негізінде) көзделді.
Ақырында, меншік иелерінің дәл осы бөлігі қазақстандық
орта таптың дүниеге келуі үшін негіз болатын еді.
Бірақ бұл кезеңнің нәтижелерін әлеуметтік жағынан жа-
рамдыдеп бағалау бәрібірмүмкін де болмас. Купондық кезең
тұрақты бағалы қағаздар нарығының пайда болуына ықпал
етпеді. Қорбиржаларыакцияларыныңашық саудасын кеңінен
дамыту талабынаннәтижешықпады. Себебі кәсіпорындардың
басымбөлігінің акциялары күрделі экономикалықжағдайдан
кәдеге аспады. Инвестициялық жекешелендіру қорларының
көпшілігі банкротқа ұшырады. Купондық кезең ұсақ және
орташа акционерлердің белсенді де табысты тобының