ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
240
Екінші кезеңнің ерекшелігі – сондай-ақ жекешелендіруге
қатысушылар үшін бірқатар жеңілдіктер мен ымыраға келу-
шіліктерді сақтап қалғандығы. Мысалы, жекешелендірілген
нысандар қызметкерлері шаруашылық серіктестіктеріне
жалпыжұмыс істеушілер санының кемінде 50%-ын біріктіріп,
сауда бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алды, сату бағасының
10%-ына дейін жеңілдік жасалды.
Жекешелендірудің кең ауқымдағы тәсілдерін қолданудың
икемділігі және оған қоса жеңілдіктер мен ымыраға келу-
шіліктер екінші кезеңдегі мерзімде шағын жекешелендіру
нысандарының негізгі бөлігін іске асыруға жағдай туғызды.
Сұранымы жоқтар қатарында қалып қойған нысандар 1996
жылғы бағаның сан қайтара төмендетулерінен кейін осын-
дай құрама тәсілдермен өткізілді. Шағын жекешелендіру
нысандарының құны ақшалай (50%) және тұрғын үй купон
дарымен (50%) төленетін болды. Халықтық жинақтау бан
кілерінің бөлімшелері арқылы тұрғын үй купондарын еркін
сатып алу-сату тәртібі енгізілді. Аукциондарда өтпеген ны-
сандар, өткізудің әртүрлі нұсқаларымен: бастапқы бағаны
кеміту арқылы, бағасын тағайындамау және нысанды алдын
ала жалға беру, арқылы сатуға қойылды. Еңбек ұжымда-
рына нысандарды адрестік сатудың тәсілдері де тәжірибеге
енгізілді. Жалға берілген нысандар жалға беру шарттары
сақтала отырып сатылды. Шағын жекешелендіруден түскен
қаржының 50%-ыжергілікті бюджетте қалдырылды. Мемле-
кеттік кәсіпорындарды акционерлендіру кезінде еңбек
ұжымдары жарғылық капиталдың мөлшеріне қарай ерекше
артықшылығы бар акцияларды 10%-ға дейін тегін алды.
Шағынжекешелендірудің таза экономикалық тиімділігіне
қоса әлеуметтік тиімділігі де болды. Іс жүзінде, алғашқы
екі жыл бойына біздің дүкендердің сөрелері мен базарлар
азық-түлік тағамдары мен басқа да қажетті тұтыну тауарла-
рымен толыға бастады. Дәрі-дәрмектер нарығы дамытылды.