м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
239
нысандардыбағаның ең азмөлшерін тағайындамай-ақ өткізу,
белгілі бір кәсіпорындарды инвестициялық шарттармен
сенімді басқаруларға беру бекітілді. Жекешелендіруді жүргізу
кезінде пайдаланатын құралдардың әртүрлілігі жекешелен-
дірілетін кәсіпорындар саласының ерекшелігін және тұрғын-
дардың ағымдағы сұранысы мен менталитетін қатар еске-
руге мүмкіндік туғызды. Жекешелендіру тәсілдерін таңдау
кәсіпорын мөлшерімен – негізгі капиталдың айналымдағы
саны мен және соның құнымен айқындалды.
Реформа жекешелендірудің төрт түрін: шағын, жаппай,
жекелеген жобалар және агроөнеркәсіп кешені бойынша
жекешелендірулерді қарастырды. Біз шағын жекешеленді-
руді қысқа мерзімде жүргізіп, алты мыңнан астам нысан-
дарды өткіздік. Бұл өз орайында тұрмыстық қызмет көрсету,
сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларын айтарлықтай
жандандыруға мүмкіндік берді. Жекешелендірудің аталмыш
кезеңінің нәтижесінде республикада шағын және орта биз-
неске тиесілі мыңдаған жеке меншік кәсіпорындар пайда
болып, жемісті жұмыс жасай бастады.
Ұлттық бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар
болды:
–шағынжекешелендіру (жалпы саны200 адамға дейін
жұмыс істейтін сауда, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары
мен өндірістік кәсіпорындарды аукционда және конкурста
сату);
– жаппай жекешелендіру (жалпы саны 200-ден 5000
адамға дейін жұмыс істейтін кәсіпорындар);
–жекелегенжобалар бойыншажекешелендіру (жалпы
саны 5000-нан аса адам жұмыс істейтін кәсіпорындар);
– агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру.
«Қазақстан Республикасында мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993–1995
жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы»