ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
238
қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық және басқадай
нысандар құрады. Соның басым бөлігі сауда (29,6%) және
тұрмыстық қызмет көрсету (25,8%) нысандарының үлесіне
тиді.
Алайда Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші ке-
зеңінің тәжірибесі ұжымдық ынта білдіруге бағытталып жа-
салғанменшікті қайта құру құралдарыныңмүмкіндігі шектеулі
екенін көрсетті.
Елімізде ынталы жекешелендіруден бірыңғай сцена-
рий бойынша жекешелендіруге көшу туралы жедел шешім
қабылдау қажет болды.
Е
кінші
кезең
:
жекешелендірудің инвестициялық
купондарымен жекешелендіру
,
1993–1995
жылдар
1993жылдың 5 наурызындамен «Қазақстан Республика-
сында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық
бағдарламасын» бекіттім. Бұл бағдарламаның қабылдануын
жекешелендірудің екінші кезеңін жүзеге асырудың басы деп
санаған жөн. Бұл бүкіл жекешелендіру үрдісінде бұқаралық
сипат алып, ең күрделі кезеңге айналған шақ еді. Үрдіс өзінің
формасы жағынан да қарқыны мен тәсілі жағынан да, өте
ерекше болды.
Мысалы, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелен-
діру қатаң орталықтандырылды, жергілікті әкімшілік орган-
дарының осыған ұқсас қызметтері қысқартылды. Нысандарды
жекешелендіруді дайындау мен жүргізудің бірыңғай тәртібі
енгізілді. Жекешелендірудің кең ауқымдағы тәсілдері: ак-
цияларды биржа, аукцион, коммерциялық тендер, инвести-
циялық тендер арқылы сату, жалға беру шарттарын аяқталып
біткенгедейін сақтайотырып, нысандардысату, ауылдықжер-
лерде әлеуметтік мәні бар нысандарды тікелей сату, өтімсіз