Page 23 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
22
дарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің
қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаныболжап білуге,
түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына
мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да
нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан да қажет».
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы,
1992 жыл
Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білу
жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған
республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды.
Стратегия, өткенге қыс­қаша тарихи шолу жасай келіп,
Қазақстанның қазіргі замандағы шекарасы алғашында
тайпалардың этникалық мекен еткен ата қонысы, кейінірек
қазақ ұлтын құрағанжәне қазіргі Қазақстанныңбарлықжеріне
бақылауын жүргізген халықтың тарихи жері болғанын айтып
түсіндірді. Біз тәуелсіз мемлекет өзінің қазіргі көрінісімен
сақталып келгенін – ол әлде біреудің қазақтарға берген сыйы
емес, біздің тарихи отанымыз, қазақтың ежелден бергі жері
екенін ресми түрде мәлімдедік. Біз халыққа айқын бағдар
бердік. Сондай-ақ біз мемлекеттің унитарлық тұтастығын,
оның жерінің бірлігі мен мызғымастығын қамтамасыз ету
үшін билік барлық конституциялық амалдарды пайдалана
алатынын ашық айттық. Бұл сондайлық аумалы-төкпелі кезең
үшін маңызды мәлімдеме болды.
Күшті президенттік билікке құрылған егемен мемлекеттің
дамуы стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Жас рес­
публикаға мемлекеттілік нобайын айқын белгілеп алу қажет
болды. Уақыттан ұтылып қалмауды және дағдарыстың әрі
қарай тереңдей түсу қаупін ескере келіп, президенттік билік
кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және
ымырашыл-жартыкештердің ақыл кеңестері мен ізденулеріне