м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
237
негізделген алғашқы нұсқадағы «Қазақ КСР-інде мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
1991–1992 жылдарға арналған Бағдарламасы» жасалды.
Бұл бағдарламада ымыраға келушілік көп болды.
Ақша құнсыздануының ерекше қарқын алуыжәне тұрғын-
дарда қаржының болмауы ескеріле келіп, Қазақстанда бүкіл
тұрғындардыңбірі қалмастан тұрғынүйлерді жекешелендіруге
қатысу үшін төлемқұралыретінде оларға тұрғын үйді жекеше-
лендіру купондары тегін ұсынылды.
Бір купонның құны сол кездегі рубльге парапар болды.
Берілген купондардың саны еңбек стажымен айқындалды,
ал біреудің асырауындағы адамдарға екі мыңнан купон та-
ратып берілді. Бағдарлама тұрғындардың ынтасын арттырып
қана қоймай, жекешелендіру үрдісінде бұрынғымемлекеттік
мүлікті еліміздің белсенді тұрғындары арасында әділдікпен
бөлуге болатынына халықтың үмітін оятты. Купондарға
пәтер сатып алудың қарапайым тетігі қысқа мерзімде тұрғын
үй нарығын қалыптастырып, халықтың белсендігін және
нарықтық қатынастарды дамытудың басқа да шарттарын
қамтамасыз етті. Әрі қарай тұрғын үй купондары шағын
жекешелендіру нысандары мен ауыл шаруашылығы нысан-
дарын сатып алу кезінде қолданылды. Жекешелендірудің
бірінші кезеңі көбінесежалдамалыжәне ұжымдық кәсіпорын-
дардың құрылуымен, сондай-ақ коммуналдық нысандардың
аукциондарда сатылуымен сипатталады. Соның өзінде еңбек
ұжымдарына ерекше жеңілдіктер ұсынылды.
Республикада біртіндеп қызмет көрсету нарығы қалып-
тасты. Жекешелендірудің бірінші кезеңінің нәтижелері
меншік иеленуші топтарды қалыптастыратын кәсіпкерліктің
дамуына түрткі болды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бо-
йынша мемлекеттік мүліктің 4771 нысаны қайта құрылды.
Жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының
60%-ын бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық