ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
236
малары арқылыжымқырып қалуына саңылау туғызылды. Бұл
алғашында олардың алдында қаржылық міндеттемелерді
алу, сонан кейін ондай міндеттемелерді жекешелендірудің
инвестициялық купондары есебінен сатып алынған ак-
тивтер арқылы өтеу жолымен жүргізілді. Нәтижесінде,
жекешелендірілген кәсіпорындар белгілі бір азғана топ
адамдардың қолында ғана қалды, сөйтіп халықтық
жекешелендіру идеясына нұқсан келтірілді. Егер де қазір
сол жылдардағы инвестициялық жекешелендіру қорлары
басшыларының аты-жөнінжарияласақ, онда бүгіндешалқып-
тасып өмір сүріпжатқандардың кімдер екені белгілі болар еді.
Ал қарапайым адамдар кәсіпорындар акциясын ала алмады.
Бұл енді сол кездегі жоғарыдағыдай жағымсыз әрекеттерге
барған жандардың ар-ұятындағы іс.
Қазақстандағы жекешелендіру тетіктерін және оның
жөнді-жөнсіздігін түсіндіру үшін осы кезеңдердің әрқайсысын
сипаттап өтейін.
Б
ірінші
кезең
:
ынталы жекешелендіру
, 1991–1992
жылдар
1991 жылдың 22 маусымында «Мемлекет иелігінен
алу және жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Осыған
сәйкес мемлекеттік органдар кәсіпорын ұжымынан тек
тиісті өтінім келіп түскеннен кейін ғана шешім қабылдайтын
болғандықтан, мұндай жекешелендіру ынталы деп аталатын
сипат алды. Тек сонда барып аукциондар, конкурстар өткізілді
немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды
еңбек ұжымына тегін беру жүзеге асырылды.
Аталмыш заң жекешелендірудің бірінші кезеңіне (1991–
1992 жылдардағы) бастапқы негіз қалады, міне, соның
нәтижесінде меншік түрін өзгерту үрдісіне еліміздің азамат-
тарын еңбек ұжымдары арқылы барынша көп тарту идеясына