Page 236 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
235
Қазір «халықтық меншікті таратып бердіңдер» деп және
тағы басқадай деп бізді кінәлаушылар бар. Біздің осылай
істегеніміз үшін құдайға шүкір дейміз. Ондай жағдайда және
белгілі бір кәсіпорындардың шынайы құндылығы мен келе-
шегі қандай екендігін айқын білу қиын еді. Көз алдарыңызға
елестетіп көріңіздерші, көптеген өнеркәсіп орындарында
ескірген қондырғыларға толы орасан зор өндірістік және
әкімшілік ғимараттар қалқайып тұрады. Олардың көбінде
таудай болыпжинақталып қалған қарыздар еңсе көтертпейді.
Бұл кәсіпорындарда рентабельді өндірісті құру төтенше көп
күш-жігер, уақыт пен қаржы жұмсау талап етілді. Жағдайды
тұрақтандыруға бағытталған жедел де тиімді шаралар қажет
болды. Сол кезеңдежаппай сипат алғанмүлікті талан-таражға
салушылық пен ысырапқорлық та мемлекет меншігінен алып,
жекешелендіру үрдісін еңсерудің қосымша факторы болып
табылды.
Осыған байланысты біз кең көлемді жекешелендіруге
бардық. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру төрт кезеңмен
жүргізілді. Бұл кезеңдердің әрқайсысы өз мақсаттары мен
міндеттерін көздеді. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі болды.
Бүгінде бұл жекешелендіру үрдістерінің кезеңдері біз әуелде
жоспарлағандай болып жүргізілді деп айтуға келмейді.
Дұрысында, әрбір кезең одан бұрынғылардың қисынды
жалғасы болып табылды. Әрбір келесі кезеңде өткендегі
кезеңдердің барлық қателіктері мен мүлт кетушіліктерін еске-
руге тырыстық. Ал қателіктер мен сәтсіздіктер болды.
Өкінішке қарай, жекешелендірудің инвестициялық ку-
пондары дейтінге байланысты біздің көптеген үміттеріміз
ақталмады. Мәселен, тұрғындарға жекешелендірілген
кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін жекешелен-
дірудің инвестициялық қорларына салатын жекешелен-
дірудің инвестициялық купондарын таратып бергенде,
аталмыш қорлардың өз активтерін өздерінің астыртын фир-