Page 235 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
234
шоғырын қалыптастыру қажет болды. Бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындарды жеке кәсіпкерлердің қолына бергенде,
оларды мемлекеттік басқару мен араласудан арылтып, еркін
ұстауға тырыстық. Ондай жеке меншіктегі фирмалар мен
кәсіпорындар жаңадан жұмыс орындарын ашып, өндіріс
көлемін реттеудің тың экономикалық байланыстарын өз
еркімен орнатуға мәжбүр болды, әрине, бұл экономиканың
өздігінен сауығып, тыңаюына алып келетін еді.
Алайда жекешелендіру қажет болған өнеркәсіп орын-
дарының көпшілігі «экономикалық» мешелдік күйде болды.
Олардың көбі тек инвестициялар мен жаңа технологияны
ғана емес, бұрынғы кеңестік үлгідегі басшылар қамтамасыз
ете алмайтын, олардан гөрі мықты – сауатты менеджментті
қажет етті. Ол өз алдына болсын, онсыз да бейберекеттік пен
жазасыздықжайлап алғанжағдайда, сол кездегі ірі және орта
өнеркәсіп кәсіпорындарындағы, қызмет көрсету саласы мен
ауыл шаруашылығындағы басшылардың көбі құрып бара
жатқан зауыттар мен олардың еңбек ұжымдарының есебінен
өздерінің жеке басының баюын негізгі міндет етіп қойды.
Мұндай басшылар еліміздің экономикасындағы аласапыран
күңгірт жағдайды пайдалана отырып, өздері қалт-құлт етіп
зорға тұрған кәсіпорындарды ұрлап-тонаумен болды, өйткені
олардың көпшілігі одақтық министрліктерге бағынышты
болғандықтан, Қазақстанның олармен ешқандай байланысы
да, ол үшін моральдық міндеттемесі де жоқ болатын. Дирек-
торларды «сайлап алушылық» деп аталатын жағдай оларды
бар жауапкершіліктен құтқарды.
Мұндай кезеңде республика үкіметінің әлі де сол кездегі
мемлекет иелігіндегі меншіктерді талан-таражға салуды
тоқтатарлық нақты мүмкіндіктері болмағанын мойындай-
мын. Меншіктің тиісті заңдары, айқын ережелерінің болмауы
«қызыл директорлардың» жауапкершіліктен құтылып кетуіне
жағдай туғызды.