м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
233
болды. Бәрі де бірінші рет, бәрі де жаңадан іске асырылып,
жатты. Өмірдің нарыққа қарай күрт бет бұруын алғашында
түсінбей, сенімсіздікпен қабылдағанына адамдар кінәлі емес
еді. Сондықтан оларды қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға
неғұрлым көбірек тартып, жаңалыққа қарсы пиғылдарын
өзгерту өте маңызды болды.
Көп жағдайда үй іргесіндегі және саяжайлық жер телім-
дерін жұртқа үлестіріп беру, сондай-ақ мемлекеттік пәтер-
лердің азаматтардың иелігіне берілуі осыған игі ықпалын
тигізді. Қазақстанда болған жағдайдың аса күрделілігі және
алда тұрған міндеттердің мүлде жаңалығы осындай тың
шешімдерді талап етті.
Оқиғалардың жылдам дамығаны соншалықты, кейде
болып жатқан жағдайларды басқарудың орнына, олардың
соңынан жүгіруге тура келді. Бізге сол кездегі экономикалық
қатынастарды түбірімен өзгерту қажет болды. Кейбір
жағдайда туындаған проблемалармен күресу мүмкін болмай
қалды.
Өнімдері өтпегендіктен кәсіпорындар тоқтай бастады
немесе олардың шығарған өнімдері қоймаларды толтыру-
мен болды. Өткен тарауда айтқанымдай, халық тұтынатын
тауарларды өндіру үздіксіз қысқартылды. Бос қалған сөрелер
ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігін көрсетті.Ондағанмың
адамдар жұмыссыз, күнкөріске қажетті қаржысыз қалды.
Ауылдықжерлерде де аса ауыржағдайқалыптасты. Өнім-
дерін орталықтың сатып алуына бағытталған ұжымшарлар
мен кеңшарлар тауарларын өткізе алмай, ақшасыз қалды.
Бюджетке ешқандай түсім болмағандықтан, жалақы мен
зейнетақыны төлейтін қаражат та болмады.
Елімізде түбегейлі реформалардың бастау алуына
дейін жекешелендірілген өз кәсіпорындарын аман сақтап
қалып, олардың рентабельділігін арттыруға, сөйтіп эко-
номикамызды көтеруге ұмтылған жеке меншік иелерінің