Page 233 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
232
республикаларымен өзара қатынасына тиесілі болды,
яғни Қазақстанға жалпы сырттан әкелінетін материалдық
ресурстардың көлемі 84%-ды, ал одан жалпы сыртқа
шығарылатын өнім көлемі 91%-ды құрады.Мысалы, сырттан
әкелінетін өнімдердің ең көп үлесі (34%) металл өңдеу мен
машина жасау салаларына тиді.
Әрине, мұның бәрі, тағыда ескертейін, қазақстандық эко-
номика құрылымдарының табиғи шикізатты өндіру мен оны
республикадан тысқарыжерлергежеткізіп беруге бағытталып
қалыптасуынан көрініс тапты. Қазақстандағы өндіруші
салалардың үлес салмағы бұрынғы Одақ бойынша орташа
көрсеткіштен 1,7 есе, Ресейдегіден – 1,5 есе, Украинадағы-
дан – 2 еседен асып түсті. Қазақстанның негізгі өнеркәсіптік-
өндірістік қорларының 30%-дан астамыөндіруші салалардың
үлесіне тиді. Сол мезгілде рентабельділік қабілетін барған
сайын жоғалтып жатқан өндірістік мақсаттағы мүліктердің
90%-дан астамы мемлекеттің иелігінде болды.
Тағы бір «ерекше» кезең мемлекеттік меншіктерді
тұрғын­дардың жаппай талан-таражға сала бастауы болды.
Бізде нарықтық идеяның өзіне нұқсан келтірген осы талан-
таражды тоқтатуғашама жетпеді. «Халықтық меншікте» оның
сақталуы жөнінде қам жейтін нақты айқындалған ие жоқ еді.
Экономиканыңмемлекеттік секторын түбегейлі өзгерту үрдісін
басқару, мемлекет меншігінжоспарлы түрдежекешелендіруді
кеңіненжедел өрістетужәнемемлекеттікменшікті заңды түрде
жекешелендіру түйінді мәселелерге айналды.
Мемлекеттік қамқоршылдықтың бұрынғы қалыптасқан
жүйесін неғұрлым тезірек қиратып, мемлекеттік меншіктен
жекешілдікке, масылдықпен бәрін де «жоғары жақ» шешеді
деп күтушіліктен жауаптылық пен іскерлікке қарай жедел
көшудің қажеттігі айқын болды.
Осының барлығына қоса, Қазақстанда бұрын-соңды
бұған ұқсас іс-шаралар жүргізілмегенін де есепке алу керек