Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
21
«өмір сүру тәжірибесі» деген болмады. Сингапур Премьер-
министрінің 1991 жылғы лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді
мемлекеттік стратегияны жасау кезінде бағыт-бағдар берді.
Өз дамужолымызды табу үшін неге қолжеткізсек дейміз, бізге
соны айқындап алу қажет болды.
«Қ
азақстанның
егемен мемлекет
ретінде
қалыптасуы мен
дамуының
стратегиясы
»
1992
жыл
1992 жылдың басында жасалған «Қазақстанның егемен
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
біздің орташа мерзімдегі тұңғышжоспарлау тәжірибеміз бол-
ды. Бұл өткен жылдардың былығынан даму жолын айқындап
алып ойластыруға бағытталған алғашқы талпыныс еді, сон-
дықтан оны бірінші үшжылдық жалпымемлекеттік жоспар
деп сенімді түрде атауға болатын-ды.
Тәуелсіздік алысымен алғашқы кезектегі маңызды
мәселелерді шешуіміз талап етілді. Бірінші кезекте мемлекет
ретінде қалыптасуымыз қажет болды. Бұл дегеніңіз биліктің
мемлекеттік институттарын құрудың, жалпы халықаралық
аренада танылуға жетудің, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға
кірудің қажеттігін көрсетті. Қазір, өткенге қарайлай отырып,
бұл жоспар көбіне-көп тірі қалудың стратегиясы ретінде
өз мақсатын орындап шықты деп нақты айта аламыз. Атап
айтқанда, ол біздің кім екенімізді, таяу және алыс болашақта
кім болатынымызды айқындап берді.
«Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым
да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ
армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық
мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын
ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның сал-