т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
225
экономикалық реформалардың қарқыны және тиімділігі
жөнінен Қазақстан көшбасшылардың қатарына шықты.
Қазақстан 400 млн АҚШдолларына тең Халықаралық валю-
та қорына берешек қарызын уақытынан бұрын төледі және
350 млн АҚШ долларына тең еврооблигацияны уақытында
жапты. Бұл біздің халықаралық беделіміздің едәуір өсуіне
алып келді. Біздің табыстарымызға берілген жоғары бағаны
Ресейдің жоғарғы лауазымды мемлекеттік шенеуніктерінің
ауыздарынан да естуге болады.
Ресей – зор перспективасы бар кең-байтақ ел. Біз,
қазақстандықтар, көршіміздің гүлдене беруін шын жүректен
тілейміз. Біздің ортақ тарихымызда жақсы да, жаман да
аз болған жоқ. Бұл, әрине, тарих. Тәуелсіздік жағдайында
біз Ресеймен достық, тепе-тең стратегиялық қатынастар
орнатқымыз келеді. Бұл Ресейдің мүддесіне де сай келетініне
мен сенімдімін. Біздің елдер арасындағы келісімдерде де осы-
лайжазылған. Біздіңелдер арасында көбірек сеніморнықтыру
жолында В.В. Путин екеуміз алға қарай ұзап кеттік.
Бірақ Ресей біркелкі емес. Онда әртүрлі ағымдар бар.
Басшылыққа бұрындары ешкім білмеген, бірақ өркөкірек,
кеңестік өткен тарихтың экономикалық, адами байланыс-
тарын аз білетін адамдар келіп жатты. Жоғарыдағы және
аймақтардағыбиліктің әлсіздігін пайдаланып, олар ойларына
келгенін істеді. Әрине, өзара сеніммен байланыстарды сақтай
отырып, Ресейдіңде, көршілердіңде стратегиялықмүдделерін
ескере отырып, істің бәрін сақтықпен жүргізуге болатын еді.
Олардың кейбіреулері біздерді, «банан республикасына»
айналдыруға әрекет жасағандарын қазақстандықтар ұмытқан
жоқ. Нақ солардың ойластырмай айтқан мәлімдеулері біздің
бірталай отандастарымызды Қазақстандағы жылы орында-
рын тастап, Ресейден жақсы өмір іздеп кетуге итермеледі.
Бүгіндері олар өздерінің орталықтары мен ассоциация-
ларында «тозаң басқан» қағаздардың астында отырып,