ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
226
көзәйнектерінің қалың шынысының ар жағынан сығырая
қарап, тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан ұсынған
интеграциялықидеяларғабіртіндеп қайтаданоралудыңқалай
жүріп жатқанын самарқау бақылайды.
Бүгіндері Ресейде шатқаяқтаулар мен экономикалық
«әуесқойлықтың» орнына ұстамды есеп пен прагматизм
келгеніне мен қуанамын. 1994 жылы мен айтқан Евразия-
шылдық идеясы, сонымен қатар біздің мемлекеттердің
интеграцияға ден қоюы біздің азаматтарымыздың ұзаққа
баратын бұдан да жоғары өмір деңгейіне жетуіне мүмкіндік
береді деп үміттенемін, КСРО ыдырағаннан кейін он жыл
өткенде-ақ, бүкіл ТМД аумағында біздің мемлекеттердің
экономикалық интеграциясына қарай икемделген саясат-
керлер көзқарастарының эволюциясын бақылауға болатын
еді. Сонымен бірге, осы бірігу процестерінің біздерге беретін
артықшылықтары айдан анық.
Интеграциялық процестердің елеулі түрде жандануы
Ресейдің президенттігіне В.В. Путиннің сайлануына байла-
нысты болғанын атап айтуым керек. Ол аз уақыттың ішінде
елдегі билікті нығайтты, реформаландырудыжеделдетті және
біздің ТМД-дағы интеграциялау жөніндегі күш-жігерімізді
біріктіруге көп күш салуда.
Міне, сондықтан да бұдан үш жыл бұрын біз Біртұтас
экономикалық кеңістік (БЭК) құру идеясын ұсындық. Бұл
бағыттағы жұмыстар ортақ валютаны енгізуге алғышарттар
жасауға мүмкіндік береді, ал валюталық одаққа кіретін ел-
дердің Интеграциялық ынтымақтастығы мен экономикалық
саясаттарын жақындастырудың тиімділігін көтеру жөніндегі
шаралар осының базалық шарттары болып табылады.
Аталмыш жұмыста ештеңені де жаңадан ойлап табудың
қажеті жоқ. КСРО-ның ыдырауы кезеңінде бүтіндей
интеграциялық процестермен айналысқан Еуропалық
одақтың мысалы бар. Біртұтас экономикалық кеңістік елдері