Page 225 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
224
Сол уақыттан бастап макроэкономикалық көрсеткіштерді
тұрақтандыру жөнінде кешенді шаралар іске асырыла баста-
ды. Ол көрсеткіштер 1993 жылы қарашада негізі қаланған
экономикалық өсудің іргетасы болды.
Біз ең басынан-ақ аралық валютадан бас тартып, ұлттық
мүддемізге жауап беретін, өзіміздің бюджеттік және ақша-
кредиттік саясатымызды іске асыруға кірістік. Біздің валюта,
бүтіндей алғанда, бүкіл осы кезеңде өзінің тұрақтылығын
көрсетті және бірқатар көрші елдерде орнықты сұранысқа
ие болды.
Мұндайнәтижелергежету оңайболғанжоқ. Ұлттық валю-
таны енгізу өздігінен ешқандай да әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды шешпейтінін біз түсіндік. Ол былай тұрсын,
ақшаның құнсыздануына қарсы саясаттың және қаржыны
пайдалануға қатаң бақылаудың болмауыжағдайында, валю-
таныенгізу осыпроблемалардықаттыасқындырып, халықтың
жаңа валютаға сенімін бұзуымүмкін еді. Оны қалпына келтіру
өте ұзаққа және қиындыққа соғатыны анық.
Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өз валютаңды
сәтті енгізіп, оны қолдап отыру үшін, қатаң ақша-кредит
және салық-бюджет саясатын жүргізу керек. Менің бұрын
айтқанымдай, бұл жұрттың бәріне ұнаған жоқ, бірақ та
біз қалтамызға қарап, тек өз күшімізге сүйеніп өмір сүруді
үйренуге тиіс болдық.
Сонымен қатар, Қазақстан 1992–1993 жылдары Ре-
сейге қарағанда әлдеқайда жұмсақ ақша-кредит саясатын
жүргізді, ал бірақ, айта кету керек, бұл бізге аса пайдалы
болған жоқ. Сондықтан да сол кезде Қазақстанның үкіметіне
де, Ұлттық банкіне де ахуалды өзгерту үшін жұмысты қайта
құру қажет болды. Бірақ та оның есесіне қазір осыдан он жыл
бұрынғы ахуалды бір кездегі Одаққа кірген мемлекеттердің
экономикалықжүйесініңбүгінгі жағдайымен салыстыру қиын.
Халықаралық валюта қорымен Дүниежүзілік банктің тәуелсіз
сарапшыларының бағасы бойынша, іске асырылып отырған