т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
223
тиіс. Өйткені ақша – мемлекеттіліктің рәмізі, елдің қуатының,
оның халықаралық беделінің өзіндік көрсеткіші. Жаңа теңгеде
қазақтарға да және бүкіл дүниежүзілік мәдениетке де ортақ
қатысы бар – тас бетіндегі суреттер, көненің археологиялық
олжалары, біздің таңғажайып табиғатымыз және солармен
бірге Қазақстанның ерекшелігін сипаттайтын – елтаңба, ту,
екі астанамыздың да көріністері бейнеленбек.
Теңге өзінің тарихына да, әлемнің тарихына да, дәлірек
айтқанда, әлем ақшаларының тарихына да өзінің жарқын
беттерін жазды. Қазақстанның монета сарайы қазірдің
өзінде дүние жүзінде осы саладағы қазіргі заманға ең
лайықты кәсіпорындардың бірі деген беделге ие. Бірақ
Қазақстанның монета сарайын осыдан екі жыл бұрын
TUV СERТ сертификациялық ұйымының халықаралық ISO
9001:2000 стандартымен сертификаттағанын білетіндер
кемде-кем. Оның өкілдері көптеген монета көрмелеріне
қатысып жүр. Кейде нумизматтардың Қазақстан тиындарына
деген сұранысы кереметтей өсіп, жәрмеңкелердің жабылуы-
на дейін-ақ олардың сатылып кететін кездері аз болмайды.
Таңқаларлық нәрсе, Қазақстан үшін бірінші жәрмеңкеден
айырмашылығы, өнімнің өзі емес, элитарлық оқиғаға алыс-
тағы Азия елінің қатысуы (нумизматика саласындағы төрт
дүниежүзілікшараныңбірінде) болды. Қазақстан тиындарына
деген қызығу кәсіби және өте жоғары. Ең алдымен, қандай
да болмасын саясаттандырылудан ада және шекуінің сапасы-
ның мінсіздігі ерекше көрінетін оның дизайны қызықтырады.
Б
олашаққа
қарай
алға
,
интеграцияға
қарай
кейін
Теңгенің енгізілуімен байланысты еліміздің тәуелсіз
қаржы жүйесінің өмір сүруінің есебі басталды, ол қазіргі
ағымда дүниежүзілік еңбек бөлінісі жүйесіне кіруге және
бәсекеге жеткілікті түрде дайындалған деп танылуда.