ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
222
Ұлттық валютаны енгізу үшін ақша-кредит, салық,
бюджет, кеден және сыртқы сауда саясаттары саласында,
бізге аса қысқа мерзімде, бүтіндей кешенді шараларды іске
асыруға тура келді, өйткені бізге бір-ақ рет талпыныс жасауға
мүмкіндік берілді, ал уақыт мүлде аз еді.
Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихын-
да өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде
ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл
тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының
нысаны. Мен осы жерде біздің теңгенің биыл – 13 жылдың
ішінде біздерге үйреншікті болып кеткен бейнесін өзгереді
деп те айтар едім. Банкноттардың жаңа дизайнын енгізудің
таза техникалық аспектілерін сөз қылатын болсақ, ақша
шығару өндірісіне қызмет жасайтын дүниежүзілік жетекші
фирмалар олардың портретсіз нұсқаларын артық көреді.
Айырбастаудың басты мақсаты жалған ақша жасаушыларға
қарсы тұру. Интерпол дүниежүзінің барлық елдерінің орталық
банктеріне өз валюталарының дизайны мен техникалық си-
патын, әрбір 5-7 жыл өткен сайын өзгертіп отыруды оқтын-
оқтын табандылықпен ұсынуда. Ескі ақшалардыжаңаларына
ауыстыру – кәдімгі дүниежүзілік тәжірибе. Мәселен, жаңа
дизайндағы банкноттарды жасау барысында, әртүрлі номи-
налдарда белгілі бір мөлшерде және белгілі бір дәрежеде,
жалпы алғанда қорғаудың 16 түрлі элементтері пайдала-
нылды.
Валютаның түрін өзгерту барысында бәрі есептеледі: жаңа
технологиялар, бояулар, қорғаудың элементтері, тенденция-
лары. Бұлар мәселенің техникалық жағы. Алайда басқа да
жағы бар. Қазақстан – әртүрлі этникалық топтар өмір сүріп
жатқан, сирек кездесетінмемлекет. Купюрада сыйлыадамның
суретінің салынуы қашанда: неге ол, неге басқа емес? – де-
ген сұрақты туғызады. Немесе, неге мынаны еске алады да,
басқаны ұмытып кетеді? Ақша адамдардың арасын ашудың
себебі болмауы керек, қайта оларды біріктіруге қызмет етуі