Page 222 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
221
Теңге енгізген уақытынан бастап, тек қана ағымдағы
операциялар бойынша конверсияланған валюта болды. Бірақ
біз біраз уақыттардан кейін оның толық конверсиялануына
жету мақсатын қойдық. 1996 жылы шілдеде Қазақстанның
Халықаралық валюта қоры келісімінің VIII бабына қосылуына
байланысты теңгенің еркін конверсиялануын қамтамасыз
етудің шарттарына қол жетті. Сол бойынша, Қазақстан өзіне
қандай да болмасын валюталық шектеулер енгізбеуге,
әр алуан валюталық бағамдарды қолданбауға, VIII бапқа
қайшы келетін екі жақты төлемдік келісімдерді жасамауға
немесе төлем балансы себептерімен байланысты шектеулер
кіргізбеуге міндеттер алды. Сол кезде ағымдағы халықаралық
келісімдер бойынша төлемдермен аударымдардыорындауға
шектеулер алынып тасталды. Шетелдік инвестициялық
салымдарға байланысты ақша аударымдарының еркіндігіне
кепілдік берілді, резидент еместер үшін конверсиялаудың
жәнешетел валютасын ішкі рынокта сатып алудың еркін тәртібі
енгізілді, жеке тұлғаларға белгілі бір сомадағы шетел валю-
тасын дәлелдейтін құжаттарды көрсетпей-ақшетке шығаруға
рұқсат етілді. Осының барлығы бізге 2007 жылға таман теңге
толық конверсиялануға жетеді деп сеніммен айтуға мүмкін-
дік береді. Басқаша айтқанда, ұлттық валюта тек ағымдағы
емес, сонымен қатар күрделі операциялар бойынша да кон-
версияланатын болады.
Жалпы, қазірдің өзінде-ақ, теңгені енгізу «алақайлап өтті»
деп толық сеніммен айтуға болады. Бірақ та сол кезде-ақ, біз
жұрттың барлығы жаңа валютаны енгізуге психологиялық
жағынан дайын бола қоймағандығын және теңгеге қатысты
жағымсыз нақты қауіптің бар екенін білдік. Сол сияқты, жаңа
валютаны қолдау үшін қажет қатаң ақша-кредит саясаты –
жалпы, біздің тұрғындар арасында дажәне, ішінара, біздің де-
путаттар арасында да ұлттық валютаның жаңа қарсыластары
пайда болатынын оңай-ақ болжауға болатын.