Page 221 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
220
Экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде уақытша сату
енгізілді. Банктердің жаңа режимге бейімделу кезеңінде
резервтік талаптар 10-нан 5%-ға дейін уақытша төмендетілді,
сол сияқты басқа да нормативтер жұмсартылды.
Көптеген «сарапшылар» осы жолы да, ескі дәстүрмен,
теңгенің еркін қимылдайтын айырбас бағамы режимін
енгізудің апатты салдары болады деген сәуегейліктер айтты.
Олардың теңгенің «еркін қимылға» жіберілуі оның адам
айтқысыз құнсыздануын туғызады, өйткені теңге осы күнге
дейін қолдан демеу жасалып отырылған валюта болды деген
және т.б. пайымдаулары Ресейдегі болған дағдарысты әлі
ұмытпаған адамдардыңарасындадүрлігуді күшейтті. Иә, теңге
бағамының төмендеуі шынында да болды. Бірақ ешқандай
да апатты емес, қайта, сол кезеңде бұл өзінің жағымды рөлін
де атқарды. Теңгенің еркін айырбас бағамы режиміне өтуі
Қазақстан экспортының бәсекелік позицияларын қалпына
келтіруге және өндірісті қайтадан өсіруге мүмкіндік туғызды.
Нәтижесінде еліміздің төлембалансы едәуіржақсарды, алтын
валюта резерві өсті, банк жүйесі кәдімгідей нығайды.
Теңгені еркін айырбас бағамы режиміне ауыстыру
қажеттігі арзан импорттың, оның ішінде Ресейден әкелінген
тауар тасқынының әсерінен Қазақстан кәсіпорындарының
бәсекеге қарсы тұру мүмкіндіктерінің төмендеуімен, соны-
мен қатар, теңгенің белгіленген бағамын қолдауға қажетті
алтын валюта резервінің азаюымен де түсіндіріледі. Басқа
режимге ауыстыру дайындалып, сыртқы экономикалық
ахуалдың одан арғы дамуының ықтимал сценарийлері және
әртүрлі валюталық режимдер жағдайында айырбас бағамы
өзгеруінің нұсқаларықарастырылған-ды. Халықаралық валю-
та қорымен Дүниежүзілік банк біздің бұлшешімімізді қолдап,
айырбас бағамының «рыноктық тетіктердің ықпалымен
қалыптасуы» керектігін көрсетті.