т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
219
Ұлттық валютаны енгізу принципті түрде жаңа міндеттерді
туғызды. Теңгенің төлемдік қызметін күшейтті, ұлттық валю-
таға деген сенімді арттыру негізгі міндеттердің біріне айнал-
ды. Осы бағытта мына шаралар іске асырылды: экспорттық
және импорттық төлемдерді, баж салықтарын теңгеге ауыс-
тыру, бөлшек сауданы шетел валютасы есебінен жүргізуге
тыйым салу, Қазақстан Республикасының резиденттері
болып табылатын заңдық тұлғалардың баспа-бас айырбас
операцияларын жасауға тыйым салу. Осының бәрі ахуалды
тұрақтандыруға және біздің ұлттық валютамыз – «теңгені»
аяғынан тұрғызуға мүмкіндік берді.
1998жылғы Ресейдегі қаржы дағдарысыжас валютаның
«беріктігін сынаудың» көрінісі болды. Қазақстанның сау-
да әріптестері – бірқатар елдердің ұлттық валюталарының
құнсыздануы теңгенің нақты құнының қымбаттауына алып
келді, бұл өз тарапынан Қазақстан экспортының бәсекелік
позициясының төмендеуіне әсер етті. Ұлттық банк іске асырған
көлемді валютаинтервенцияларының уақытша ғана әсері бол-
ды, ол сонымен бірге біздің алтын валюталық резервіміздің
біршама төмендеуіне алып келді. Теңгені құнсыздандырудың
қажеттігі туды. Осы көрсетілген мәселелерге байланысты, сол
кезеңде басқарудағы өзгермелі бағам режимінен теңгенің
еркін қимылдайтын айырбас бағамына өту туралы шешім
қабылданды.
Теңгенің еркін қимылдайтын айырбас бағамының режимі
1999жылысәуірде, Ресейдегі қаржыахуалытұрақтанғанжәне
елдің ішіндегі күтілген құнсыздану төмендеген кезде енгізілген
болатын. Осымен қатар жеке тұлғалардың теңгелік салымда-
рын және заңдық тұлғалардың екінші дәрежедегі банктердегі
депозиттерін, сондай-ақ зейнетақы қорларындағы теңгелік
активтерді қорғау жөнінде шаралар қабылданды. Соның
ішінде, зейнетақылық активтер бұрынғысындай жоғарғы
бағамда, мемлекеттік бағалы қағаздарға конверсияланды.