Page 219 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
218
1993 жылы 15 қарашада 08.00 сағаттан бастап Қазақ-
станның территориясында өзінің ұлттық валютасы – теңге
енгізілді. Мынадай бағам қойылды: 500 рубльге 1 теңге.
Осы кезге дейін жаңа валютаның банкноттарымен тиын-
дары республиканың барлық облыстары мен аудандарына
тасып жеткізілген болатын. Кеңестік ақша реформаларының
тәжірибесіне сүйене отырып, комиссия ақша айырбасты
тек қана екінші деңгейдегі банктердің бөлімдерінде ғана
жүргізілмеуі керек, бұл жұмысқа пошта бөлімдері және сол
сияқты қызметшілері көп кәсіпорындар да қосылуы тиіс деп
шешті.
Теңге айырбастаудың бірінші күнінен бастап заңды
төлемақы құралына айналатындығы, ал айырбастау кезеңін-
дегі бес күннің ішінде рубльді заңды төлемақы құралы ретінде
толық пайдалануға болатыны жарияланды. Сонымен бірге
біз бұл күні рубльдің айналымға көптеп шығарылуының және
тауарларды жаппай сатып алудың алдын алатын шараларды
қабылдауға тырыстық.
Ұлттық валютаны төрт қайнар көзден: Ұлттық банктің
алтын валюта резервінен, Республикалық валюта қорынан,
Ішкі тұрақтандыру қорынан (егер оны халықаралық ұйымдар
беретін болса) және төлем балансының тиімді сальдосынан
қамтамасыз етуді және ойластырдық. Одан кейінгі басты
міндет – экспорт көлемін кеңейту және экспорттан келетін
валюталық ақшаның түсуіне тәртіп орнату болды.
Ұлттық валютаны орнықтырудың алғашқы жылдарында
шетел валютасының сұранымына ішкі көздердің біршама
тапшылығы байқалды. Валюталық қаржының елден кетуі
валюталық бағамның тұрақтылығына қауіп туғызды. Бұл үшін
капиталдың резиденттерден резидент еместердің пайдасына
өтуін қарастыратын валюталық операциялар, теңге енгізілген
күннен бастап лицензиялануы тиіс болды, ал бұған дейін
ағылып келген капитал тек статистикалық есеп үшін ғана
тіркелетін.