ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
20
Ол – ол ма, бұл елдердің көбі өз дамуын мемле-
кет экономикалық бағдарларын бірден айқындап, елдің
экономикалық өміріне күнделікті араласып отыратын жүйенің
негізінде бастады. Бұл елдердің үкіметтері өз дамуының белгілі
бір кезеңінде өзін жаппай жоспарлаудан дер кезінде аулақ
ұстауға және жеке бастамаға көбірек мүмкіндіктер беруге
жеткендей көрінді. Мемлекет өз тәсілдерін нарықты шектеу
үшін емес, оны ынталандыруға және дамуын жылдамдатуға
пайдаланды. Нәтижесінде, бұл елдердегі тәжірибе түріндегі
мемлекетті басқарудың азиялық тәсілі – бүкіл әлемде
«басқарылатын нарық моделі» деген мойындауға ие болды.
Біз үшін Қазақстан экономикасының нарықтық моделін
құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойлас-
тырылған пакетінжасап қана қоймай, олардысаяси ерік-жігер
және дербестігімізді нығайту арқылы дәйекті түрде жүзеге
асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатқан түбірлі өзгерістердің
мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын
алдын ала көре білу, ондағанмиллион адамдардыңмүддесіне
сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап
алу қажет болды. Оның үстіне, мұны қысқа мерзімде жасау
керек еді. Тарих ұзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға
уақыт қалдырмады. Әлемекпіндеген күшті қарқынмен өзгеріп
жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы
мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап,
тіпті әрбір қазақстандықтың ой өрісіне дейін осыған бейім-
деу қажет болды. Және де сонымен бірге, былайша айтқанда,
біз барлық қалған әлемді «қуып жетушінің» жағдайында
болдық.
Ескі топтағыбіздіңкөптегенкадрларымызбұлөзгерістердің
болмай қалмайтынын түсінбеді. Қаншама жылдар бойы бар-
ша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін
қаупін толық мәнінде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен
бірге оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде