т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
217
Иә, «Х» сағаты 1993 жылғы 15 қараша болып көрсетілді.
12қарашада қол қойылды, ал13қарашада «Қазақстан Респу-
бликасында ұлттық валютаны енгізу туралы»Жарлық халыққа
жария етілді. 12 қарашада, кешкілік мен теледидар арқылы
еліміздің тұрғындарына арнап сөз сөйледім: Қазақстанның
тарихындағы бірінші ұлттық валюта – теңгені енгізетінімізді
жарияладым.
Сол бір есте қалатын жұмада мен қатты толқу үстінде
болдым. Қазақстанның барлық азаматтарын, Қазақстан
мемлекеттігін құру жолындағы біз жасаған ең бір шешімді
және түбегейлі қадам туралы хабарландыру міндеті тұрды.
Халық бұған қалай қарар екен? Мен өзімнің сөзімде жұртқа,
валютаны енгізу біз үшін мәжбүр болған шара екендігіне
қарамастан, осы қадамның бүкіл мәнділігін және тарихи
маңызын жеткізуге тырыстым.
1. Ресей рубль аймағынан өзі шықты, 26 шілдеден
бастап біздің валюталық жүйелеріміз бөлінді, сондықтан
бұлмәжбүрліктенжасалған қадамболып табылады, өйткені
жаңа рубль аймағына бізді жібермейді;
2. Ұлттық валютаны енгізу Ресеймен және ТМД елде-
рімен арадағышаруашылықжәне басқа байланыстар үзілді
деген сөз емес;
3. Бұл қадамреспубликаның экономикалық егемендігін
бекіту үшін және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізу үшін
қажет;
4. Республика қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде
қиын жағдайды басынан кешуде, ал бұл қадам жұртты
қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудегі бірден-бір амал
болып табылады.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы
Президентінің Мұрағаты