ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
216
қауіпсіздік комитеті жергілікті жерлерге теңгені тасып жеткізу
ісіне бақылау жасады.
Үрей туғызбас үшін, халықты алдын ала дүрліктірудің
қажеті жоқтығын біз түсіндік. Ресеймен жүргізілген келіс-
сөздердің көпшілігінің қорытындылары жарияланғанымен
және халық ұлттық валютаның енгізілуі сөзсіз екендігін
түсінгенімен, бізбасқашабағыттағыақпараттардытаратпадық.
Бұл сұрақтардың ішінде ақша айырбастаудыңшарттарыжәне
мезгілі, оның бағамы және көптеген тағы басқа мәселелер
болды, оның ішінде, атап айтқанда, айырбастау тәркілеу
сипатында жүре ме, жоқ па деген сұрақ та тұрды. Әрине, со-
ныменбірге, бұл қашанболадыдеген сұрақ та сөзсіз қойылды.
Мен саяси шешім қабылдап, теңгені енгізудің нақтымерзімін
көрсетуім керек болды. Міне, енді осыған біраз егжей-
тегжейлі тоқталғым келеді.
Бізге көрші мемлекеттердің бәрі де Қазақстанның ұлттық
валютасының енгізілуі туралы бұдан әлдеқайда бұрын ашық
және тікелей ескертілген. Бұрынғы Одақтың елдері өздерінің
саяси егемендігін жариялағанымен, олардың өзара тығыз
байланыстары бар екенін, оның ішінде бір-бірінің экономи-
каларына ықпал ететіндерін біз түсінетінбіз. Сондықтан да
бір елдің ұлттық валютасын енгізуіне басқаларының да да-
йын болуы керектігін айту керек. Ресейдің жасағанын жасау
біздің ойымызға да кірген жоқ. Мысалы, біз теңгені енгізу
туралымәселені талқылаған алғашқы елдердің бірі Өзбекстан
еді. Бізбен шекаралас біздікі сияқты проблемалары және
бізбен байыпты экономикалық байланыстары бар маңызды
әріптесіміз Өзбекстан да рубль аймағында болатын. Мен
президент Ислам Каримовпен: бір-бірімізге проблемалар
туғызбаймыз, ұлттық валюталарды бірлесе отырып, бір күні
және бір сағатта енгіземіз деп, алдын ала келісіп қойғанмын.
Дәп осылайжасадық та. Өзбекстан өзінің «сумын» 1993жылы
15 қарашада енгізді.