т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
215
валюталарын енгізіп те қойған еді, Түрікменстан да өзінің
осындай ойы бар екендігін жариялаған. Сол кездің өзінде
бізді қатты алаңдатқан жағдай, валютаны енгізудің маңызды
шарттарының бірі – айналымнан алынған кеңестік рубльдерді
міндетті түрде Ресейдің Орталық банкіне өткізуді осы мемле-
кеттердің бірде-бірінің қамтамасыз етпеуі еді. Бізбен көршілес
елдерде ұлттық валютаның енгізілуінен кейін жай қағазға
айналған, ал теңгені енгізгенге дейін Қазақстанда заңды
төлем құралы болып тұрған «рубльдік» ақша массасы бізге
қарай лап бере ме деп қауіптенгенбіз. Айтқандай-ақ, біздің
қаупіміз көп ұзамай шындыққа айналды.
1993 жылы 5 қарашада мен, ұлттық валютаны енгізу
қарсаңындағы қажетті қадамдардың бірі есебінде, «Ақша
жүйесін тұрақтандырудың кезек күттірмейтін шаралары ту-
ралы» Жарлыққа қол қойдым. Мұндай шараның жеделдігі
Қазақстанның аумағына көрші елдерде айналымнан алынып
тасталған кеңестік рубль банкноттарының заңсыз әкелінуінің
күрт өсуімен байланысты еді. Бұл жағдай республиканың
қаржы жүйесін бүлдіріп, онсыз да құнсызданудың апатты
екпінін жеделдетіп, халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп
жіберетін еді. Мемлекет пен халықтың экономикалық
мүдделерін қорғаумақсатында, заңдыжәнежеке тұлғалардан
түсетін 1961–1992 жылдардағы банкноттар түріндегі
қолма-қол ақшаны арнайы есепшоттарына жинақтап, Қазақ-
станның Ұлттық банкінен қосымша нұсқау алынғанша олар
жұмсалмасын деген тапсырма берілді.
Осы кезге таман мен Мемлекеттік комиссияның барлық
мүшелері қол қойған, барлық қажетті дайындық шаралары
аяқталды, банк жүйесі ұлттық валютаны енгізуге дайын деген
қорытындыны алдым. Әрине, мұның алдындағы барлық
жұмыстар қатаң түрде құпия жағдайда жүргізілді. Банк-
ноттар Лондоннан жүк таситын самолеттермен өнеркәсіп
жабдықтары деген желеумен тасып әкелінді . Ұлттық