Page 215 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
214
ұлттық валютаны енгізу қарсаңында елдің алтын валюта
резерві, ең аз дегенде, оның импортының үш айлық көлеміне
тең болуы тиіс екен. Сол уақытта Қазақстан үшін ол кемінде
500 млн АҚШ доллары көлемінде болуы керек болса, бізде
сол кездегі алтын валюта резерві 722,9 млн АҚШдолларына
бағаланды. Біз теңгені енгізуге артығымен дайын екенбіз.
Әрине, бүгіндері 25 млрд АҚШдоллары шамасында бо-
латын біздің қазіргі резервімізбен салыстырғанда, бұл сан кісі
күлерліктей сияқты. Бірақ сол кезде бұл біздің валютамызды
енгізуге кедергі бола алатын себеп еді.
1993 жылы 3 қарашада Ресей мен Қазақстан делегация-
ларының жұмысшы кездесуінің хаттамасына екі Премьер-
министр С. Терещенко мен В. Черномырдин қол қойды.
Қалыптасқанжағдайда, бірыңғай рубль аймағынаншығудың
оңтайлы жолы – Қазақстанның өзіндік ақша таңбаларын
енгізуі және таяу араларда ақша жүйесін нығайтуға байла-
нысты шараларды іске асыруы екендігін Ресей ресми түрде
мойындады.
Тауар айналымының үлкен көлемін ескере отырып, Ресей
мен Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары арасындағы
қолма-қол есеп айырысулар рубльмен немесе Қазақстанның
ұлттық валютасымен іске асырылады, ал көрсетілген есеп
айырысулардың тәртібі жеке келісімдермен анықталады
деген ереженің біз үшін принципті маңызы болды.
Қазақстанжағы азаматтарға Қазақстанның валютасымен
Ресейдің рублін рыноктық бағам бойынша өзара айырбастай
алуға жағдай туғызу міндеттерін екі жақ өздеріне алады деген
ережені енгізуді талап етті.
Сөйтіп, теңгені енгізуді рубль аймағының қолданылуымен
байланыстыра отырып, біз тағы бір проблемаға тап болдық.
Сол кезге таман, біздің теңгені енгізу жөніндегі комиссия
енді ғана жұмысын бастаған кезде, Украина, Молдавия,
Әзірбайжан, Грузия және Қырғызстан өздерінің ұлттық