Page 214 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
213
лауды енгізудің қажеттігін ылғи да атап көрсетіп отыратын,
өйткені бұл қадам мемлекеттің валюталық режимге ара-
ласуын азайтып, сыртқы сауданы ырықтандыруға жеткізіп,
елді дүниежүзілік экономикаға біріктіретін. Сонымен
қатар олар валюталық бақылау өзінің толық тиімсіздігін
көрсетті, сондықтан оны құрудың ешқандай мәні жоқ деген
пікірде болды. Сонымен бірге Халықаралық валюта қоры
сарапшыларының кейбір пікірлерінің дұрыстығын сезіне
отырып, біз басқа жағынан алғанда, сол кезеңде Шығыс
және Орталық Еуропаның бірде-бір елінің өз реформала-
рын бізден үш жыл бұрын бастағандарына қарамастан,
конверcияланған валютаны толық енгізбегенін білетінбіз.
Осы елдердің барлығы валюталық бақылаудың шараларын
әртүрлі деңгейде қалпына келтіруге мәжбүр болды, өйткені
олардың валюталары валюта рыноктарында алаяқтардың
шабуылдарына ұшырады.
Түптеп келгенде, біз бірыңғай валюталық бағам қолдану
және ағымдағы есепшот бойынша жүргізілетін опера-
циялар мен шетел инвесторларының тапқан пайдасын
аудартуды қамтитын көлемде ғана теңгені жартылай кон-
версиялау туралы шешімдер қабылдадық. Өмір осындай
таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Халықаралық валюта
қоры мамандарының болжамы бойынша 1994 жылдың
қыркүйегінде бір АҚШдолларынашаққандағы валюта курсы
150 теңгеге дейін және одан кейін 1995 жылдың қаңтарына
қарай – бір АҚШ долларына шаққанда 200 теңгеге дейін
төмендеуі тиіс болды. Іс жүзінде теңгенің бағамы баяу
қарқынмен (айына 3-4%) төмендеп отырды да, 1996 жылға
қарай бір АҚШ долларына 70 теңге деңгейінде тұрақтанды.
Біздің еліміздің ұлттық валюта шығару мен оның қызмет
жасауын қамтамасыз ете алатын қабілеті 1993 жылы 1 қара-
шада, Қазақстанның алтын валюта резерві туралымәліметтері
жарияланғанда белгілі болды. Мамандардың есептеуінше,