Page 213 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
212
лей енгізгенде халық ақшаларын бір рет қана айырбастай-
тын. Оның үстіне, 1990 жылғы желтоқсандағы 50 және
100 рубль номиналындағы банкноттарды айырбастаудың
машақаты әлі жадымыздан шықпаған еді.
Ұлттық валютаны енгізудің кемшіліктері де болды.
Сол кезеңде барлық техникалық мәселелер аяғына дейін
анықталып бітпеген болатын. Әсіресе металдан жасалатын
майда тиындар жайы әу бастан қиындық туғызған-ды. Са-
лынып жатқан монета сарайы тиынның қажетті мөлшерін
жылдың аяғына дейінжасапшығуға мүлде үлгермеді. Осыған
байланысты жұмыс тобы аралық шара ретінде қағаз тиын-
дардышығаруға, ал одан кейін барып, монета сарайы дайын
болған кезде, айналымға нағыз металл тиындарды енгізу
туралы шешім қабылдады.
Сонымен бірге теңгені енгізуге байланысты жұмыстар
бойынша, біз бұрын тіпті ойланбаған – валюталық режим
және валюталық бағам сияқты жаңа проблемалар туын-
дады. Өзгермелі бағамдағы, шектеулі көлемде бақылауға
алынатын өзгермелі бағамдағы, бір валютаға (АҚШ долла-
рына) байланған немесе валюта себетіне байланған тәрізді
әртүрлі нұсқалар бойынша «иә» немесе «жоқ» деп, тағы да
талқылаулар басталды. Валюталық рыноктағы басқарылатын
өзгермелі бағамның режиміне тоқталдық. Егер де елдің
резервтегі валюталық қоры валюталық бағамды басқаруға
жеткілікті болмағанжағдайда, ай сайын 2-3%құнсызданатын
теңгенің бекітілген бағамын енгізу көзделді. Валютаның
бірыңғай бағамын қолдану принципті түрде шешілді, бірақ
шетел инвесторларының қатысуымен жекешелендіруді іске
асырғанда валютаның нақты сатып алу мүмкіндіктерінің ор-
нын басқа да тетіктермен шешу көзделді.
Маңызын біз кейіндеу түсінген тағы бір таңдау – ұлттық
валютаның конверсиялануына қатысты болды. Халық-
аралық валюта қорының өкілдері үнемі толық конверсия-