т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
211
ақшаның негізгі массасы айналымға түсуі керек болды. Одан
кейін, сегіз айдың ішінде қағаз ақшаның тозатынын есепке ала
отырып, әбден тозығыжеткен банкноттарды айырбастау үшін
қанша ақша керектігін есептепшығарды. Барлық параметрлер
бойынша: әрбір номиналдың банкнот саны бойынша да, сол
сияқты қолма-қол ақшаның жалпы көлемі мен құнсыздануы
бойынша да оның болжамдарының дұрыстығына кейінірек
тәжірибеде көзіміз жетті.
Комиссия мен жұмыс тобының мүшелері валютаны
енгізуге ғана байланысты емес, мемлекеттің ақша-кредит
саясатының дербес жүзеге асуының негіздерін анықтап алып,
валютаның одан әрі қызмет ету принциптері мен шартта-
рын жасауға тиіс болды. Әртүрлі нұсқалар қарастырылды.
Бірінші нұсқада Ресейде жасалған қазақстандық рубльдің үш
банкнотының 5,10 және 50 мыңдық номиналдарын енгізу
көзделді. Екінші нұсқа банкноттардың жоғарғы үш нұсқасын
Ресейде шығаруды ойластырды, одан кейін, Украина мен
Белоруссияда жасалғандай, тұрақтанғанға дейін 12 жылға
аралық ұлттық валютаны, ал содан кейін барып қана нағыз
ұлттық валютаны енгізуді қарастырды. Үшінші нұсқа – рубль-
мен жарыстыра ұлттық валютаны енгізу. Ал ең соңғы нұсқа
– тікелей теңгені енгізу.
Біз алғашқы үш нұсқаны бізге тиімсіз болғандықтан жа-
рамсыз деп таптық. Әуелі аралық валютаны, ал бір жылдан
кейін – түпкілікті валютаны енгізіп, тұрғындарды екі жаққа
алаңдатып, психологиялық қысымға салуға болмайтын еді.
Сондықтан талқылаудан кейін жұмыс тобы соңғы нұсқаға
бірауыздан дауыс берді, сонымен бірге оның кемшіліктері
мен артықшылықтарын да түсіндік.
Артықшылықтары айқын болатын. Республика тәуелсіз
ақша кредит саясатын жүргізе алады. Жаңа банкноттар-
ды бірнеше дәрежедегі қорғаудың болуы жалған ақша
жасаудың мүмкіндіктерін азайтатын. Ұлттық валютаны тіке-