Page 211 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
210
мен келісімшартқа отыруға қол жеткен жағдайда, меншікті
валютамызды дайындауға кететін шығындар көлемді болып
қана қоймай, сонымен бірге қажетсіз де болушы еді. Бірақ
та Қазақстанның тапсырыстышетелге орналастырудан басқа
амалы қалған жоқ еді. Біздің қателеспегенімізді уақыттың
өзі көрсетті. Тапсырыс таралымының дайын болуына қарай,
банкноттар құпия түрде республикаға жеткізіле бастады.
Алдыңғы тарауда айтылғандай, 1993 жылы қыркүйекте
Ресеймен және ТМД-ның басқа да бес елімен рубль аймағын
құру қажеттігі туралы келісімге қол қойылған. Құжат тек
формальды болып шықты, сол кездің өзінде-ақ Ресейдің бұл
аймаққа қандай да болмасын басқа елді қосқысы келмейтіні
анық болды. Біздің өкілдерімізге алдын ала орындалмайтын
шарттар ұсынылған кезде, бұл тағы бір рет расталды.
Бір ай өткеннен кейін, 1993 жылы қарашада, мен өзімнің
Жарлығыммен ұлттық валютаны енгізу жөнінде Премьер-
министр Сергей Терещенко басқаратын ресми үкімет ко-
миссиясының құрамын анықтадым. Комиссияға Премьер-
министрдің бірінші орынбасарыД. Сембаев, Қаржыминистрі
Е. Дербісов, Экономика министрі Б. Ізтілеуов, Ұлттық банктің
төрағасы Ғ. Байназаров, Парламент комитетінің төрағасы
С. Тәкежанов кірді. Аталған комиссияға валютаны енгізу
жөніндегі барлық кешенді шараларғажауапкершілікжүктелді.
Оған шексіз өкілдіктер берілді.
Сонымен бірге Д. Сембаевтің басқаруымен көптеген
есептеулерді іске асыратын жұмыс тобы құрылды. Мысалы,
бізге қанша және қандай номиналдағы купюралар керектігі
жөнінде күрделі математикалық есептер жасау керек болды.
Барлық осындай сұрақтарға байланысты комиссия мүшелері
шетелдік сарапшылармен ақылдасып отырды. Мәселен,
ағылшын экономисі, доктор Пейн бірден бізге Одақ кезіндегі
үйреншікті жиырма бестіктер емес, жиырма теңгеліктер
керектігін айтты. Оның есебі бойынша, бірінші кезеңде